KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эскудо

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгеріде, картоп пен қызанақта біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптермен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданатын жүйелі гербицид.

Күту мерзімі мен өңдеу жиілігі

Жұмысшы сұйықтық шығыны

200 - 300 л/га.

Жүгері
Зиянды объектілер
Біржылдық пен көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

20 - 25

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы
Картоп
Зиянды объектілер
Біржылдық пен көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

25 - 25

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы
Көшетті қызанақтар
Зиянды объектілер
Біржылдық пен көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

25 - 25

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Себетін қызанақтар
Зиянды объектілер
Біржылдық пен көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

25 - 25

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қолдану жөнінде ұсыныстар

гербицидті сыртай пәрменді зат  Адьюмен®, 0,1% ерітінді, бірге пайдалану ұсынылады, ол арамшөпті гербицидтің жұмысшы ерітіндісімен сулауды жақсартады.

Біржылдық астық тұқымдас арамшөптер Эскудоға 1 - 4 жапырақ фазасында (құмтары түрлері және түкті тары 1 - 3 жапырақ фазасында), көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер биіктігі 15 - 20 см болғанда, біржылдық қосжарнақтылар - 4 - 6 жапырақ фазасында, ойраншөп - 2 жапыраққа дейін, сарықалуен жертаған жапырақ фазасында анағұрлым сезімтал келеді. Сондай-ақ бөлшектеп екі рет бүріккен  де тиімді. Бұл жағдайда бірінші өңдеуді астық тұқымдастарға 3 жапыраққа дейінгі фазада, қосжарнақты арамшөптерге  4 жапыраққа дейінгі фазада, ал екінші өңдеуді арамшөптердің екінші "толқыны" шыққанда жүргізеді.

Ауада және топырақта құрғақшылық жағдай қалыптасса,  астық тұқымдас арамшөптерге қарсы жоғары тиімділікке қол жеткізу үшін жұмысшы ерітіндінің нормасын 300 л/га ( Адьюдің® дозировкасы– 0,3 л/га) деңгейінде пайдаланған дұрыс. Егістікте түкті тары болса  Эскудоның® шығындық нормасы– 25 г/га болады.

Үйлесімділік

Эскудо® препаратын сырттай пәрменді зат Адьюмен® бірге қосып пайдалану ұсынылады, ол арамшөптердің жұмысшы ерітіндімен сулануын жақсартады, соның нәтижесінде гербицидтің тиімділігі арта түседі. Жүгеріні өңдеу үшін гербицидті 2,4-Д негізіндегі препаратпен араластыруға болады, картоп пен қызанақты өңдеу үшін метрибузин негізіндегі препараттармен араластыру керек. Оны фосфорорганикалық инсектицидтармен араластыруға болмайды, сондай-ақ оны фосфорорганикалық инсетицидтармен өңделген күнге дейін және өңделген күннен кейін 14 күн нің ішінде қолдануға болмайды(кейнгінің қолдану тәсіліне қарамастан). Препараттар қоспасында араластыратын компоненттерді өзара үйлесімділігіне алдын ала тексеру қажет. 

Жүгері егістігінде астық тұқымдас және сезімтал қосжарнақты арамшөптермен қатар алабұта, таран, алқа, ойраншөп, сарықалуен, қалуен және шырмауық болса, сондай-ақ олар сезімталдық фазасынан асып тым өсіп кеткен болса, препараттар қоспасын: Эскудо®, 20 - 25 г/га + Балерина®, 0,3 - 0,5 л/га құрамда қолдану ұсынылады. Картоп пен қызанақты өңдеу үшін  Лазурит® Супер қоспасын пайдалану керек..Эскудоны®  Балеринмен® немесе Лазурит® Супермен бірге қолданса, жұмысшы ерітіндіге ПАВ Адьюды® қоспауға болады..

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.