KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эскудо

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгеріде, картоп пен қызанақта біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас және көптеген қосжарнақты арамшөптермен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданатын жүйелі гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

римсульфурон  сульфонилмочевинадан өндірілген химиялық топқа жатады.

Әсер ету спектрі

қосжарнақты арамшөптер: жусанжапырақты ойраншөп (өскіндер - 1-ші жұп нағыз жапырақ), тікенді сарықалуен (өскін - жертаған жапырақ), егістік жоңышқа, галинсога (түрлері), таран (түрлері), қыша (түрлері), сарыбасқурай (түрлері), ошаған (түрлері), дәріханалық аран, дымқыл жұлдызшөп, Теофраст бұйра кендірі, зиягүл (түрлері), сарғалдақ (түрлері), құлқайыр (түрлері), өздігінен себілетін көкнәр, жабайы сәбіз, егістік жалбыз, қалуен (түрлері) (өскін - жертаған жапырақ), жұмыршақ, жабысқақ қызылбояу, біржылдық күнбағыс, жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), қайызғақшөп (түрлері), қымыздық (түрлері), гүлтәжі (түрлері), егістік қанат жеміс, тауқалақай (түрлері).

Астық тұқымдас арамшөптер: құмай (қонақ жүгері), түлкіқұйрық, қара сұлы, үйбидайық (түрлері), күрмектары, түкті тары, жатаған бидайық, құмтары (түрлері), атқонақ (түрлері), мысыққұйрық (түрлері).

Әсер ету механизмі

гербицид негізінен өсімдікке олардың жапырақтары арқылы сіңеді, тез өсу нүктелеріне жетіп, ауыстырылмайтын амин қышқылдары - валин, лейцин және изолейциннің синтезіне қатысатын ацетолактатсинтаза ферментін блоктайды. Препараттың тиімділігі топырақтың ылғалдылық көрсеткішіне байланысты.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

препарат әсерінің негізгі симптомдары өсімдік өсуінің күрт тоқтауы болып табылады және ол өңделген соң бірнеше сағаттан кейін байқалады. Бұл уақытта арамшөптер пайдалы дақылдармен бәсекеге түсе алмайды. Бірақ препарат әсерінің көзге көрінетін симптомдары ауа райының қолайлы жағдайында 5 - 7 тәуліктен кейін және өңделген арамшөптердің өсуі мен дамуы мүлде тоқтап қалғанымен байқалады. Сонымен қатар өсу нүктелерінің хлорозы, жапырақтарының некрозы және өзгеріске ұшырауы сияқты белгілері байқалуы мүмкін. Арамшөптердің толық жойылуы 3 - 4 аптадан кейін жүзеге асады.

Сақтау

Қаптама

банкалар 500

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.