KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Лазурит Супер

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Біржылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптермен күресуге арналған, өскін шыққанға дейін және өскін шыққаннан кейін әсер ететін наноэмульсиялық концентраттың тамаша сұйық препараттық формасындағы жүйелі гербицид. .

Әсерлі заттың сипаттамасы

метрибузин  1,2,4-триазинондер тобына жатады.

Әсер ету спектрі

Лазурит® Суперге сезімтал қосжарнақты арамшөптер: жусанжапырақты ойраншөп, көк гүлкекіре, бөденешөп (түрлері), таран (түрлері), егістік қыша, София сармаласы, ошаған (түрлері), дәріханалық аран, дымқыл жұлдызшөп, Теофраст бұйра кендірі, сыпыртқы изен, кәдімгі зиягүл, көкпек (түрлері), алабұта (түрлері), жұмыршақ, алқа (түрлері), пикульник (түрлері), бақша қараоты, жабайы шомыр, гүлтәж (түрлері), біржылдық қайызғақшөп, қарақошқыл тауқалақай, егістік қанат жеміс және т.б.. Гербицидке орташа сезімтал астық дақылды арамшөптер – кәдімгі бұйырғын, арпабас, дала түлкіқұйрығы, біржылдық қоңырбас, қара сұлы, қатты үйбидайық, қыздырма үйбидайық, көпгүлді үйбидайық, күрмектары, күреңқызыл құмтары, сәлемшөп (түрлері), мысыққұйрық (түрлері), африкалық элевзина. Сонымен қатар Лазурит® Супер дәрілік бақбақ және бақша қалуені сияқты  кейбір көпжылдық арамшөптерді де басады(тұқымнан өседі).

Әсер ету механизмі

арамшөптердің жапырақтары, тамыры және өскіндері арқылы  сіңеді. Тамырдан жоғары қарай жылжиды, жүйелі әсері бар, фотосинтез процесін тежейді, фотосинтетикалық электрондық тасымалдау жүйесіне әсер етеді.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

Лазурит® Супер дақылдарды арамшөптерден 1 - 2 ай бойы және ауа райы жағдайына, топырақтың типіне және танаптың бапталу деңгейіне қарай одан да артық уақыт қорғайды (картопты қатардағы пәлектер жиылып ұйысып қалғанша).

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.