Қолдану жөнінде ұсыныстар
картопқа Лазурит® Суперді бір рет немесе екі рет қолдануға болады. Бірінші рет картоптың пәлегі 5 см болғанда өсіп келе жатқан арамшөптерді шығын нормасы 1,3 л/га болатын препаратпен бүрку арқылы өңдейді. Бөлшектеп екі рет өңдеген жағдайда бірінші өңдеу кезіндегі шығын нормасы 0,9 л/га препаратпен өсіп келе жатқан арамшөптерді картоп өскіні шыққанға дейін өңдейді, екінші рет – дозасы 0,45 л/га картоп пәлегінің биіктігі 5 см болғанда өңдейді. Лазурита® Суперді қолданудың тиімді уақыты картоп өскінінің 70 - 80 % шыққан кез деп белгілеген дұрыс. Өңдеу кезінде және одан кейінгі бастапқы бірнеше күнде топырақты араластырмаған дұрыс. Бүріккенге дейін топырақтың беті жақсы өңделген және кесек қыртыс топырақтар болмауы тиіс.
Ескерту!
Лазурит® Супердің препараттық формасы жоғары технологиялық болғандықтан препараттың ерітіндісін алдын ала дайындаудың қажеті жоқ!
Жұмысшы ерітіндідегі препараттың концентрациясы 0,5 % аспауы тиіс!
Үйлесімділік
әсер ету спектрін кеңейту және шығынның нормасын азайту үшін Лазурит® Суперді препараттар қоспасында басқа пестицидтермен араластырып қолдануға болады.