KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Гаур

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Пияз бен күнбағыстың арамшөптері тобына қарсы күресуге арналған өскін шыққанға дейін және шыққаннан кейін қолданылатын жанаспа әсерлі гербицид

Әсерлі заттың сипаттамасы

оксифлуорфен ароматты аминдардан өндірілген, этоксидифенилдік эфирлер тобына жатады. Жанаспалы әсері бар.

Әсер ету спектрі

біржылдық қосжарнақты және кейбір астық дақылды арамшөптер. Препаратқа сезімталдығы жоғары: жусанжапырақты ойраншөп, бөденешөп (түрлері), майдагүлді галинсог, таран (түрлері), егістік қыша, татар қарақұмығы, София сармаласы, дәрілік аран, Теофраст бұйра кендірі, кәдімгі зиягүл, татар көкпегі, көкнәр, ақ алабұта, бақша қалуені, алқа (түрлері), жұмыршақ, жабысқақ қызылбояу, бақша қараоты, жабайы шомыр, сары резеда, түймедақ (түрлері), дала шегіргүлі, дала қайызғақшөбі, гүлтәж (түрлері), тауқалақай (түрлері) және т.б.  Сезімтал түрлері: дала шырмауығы, кәдімгі сасық меңдуана, ошаған, тұлкіқұйрық (түрлері), қара сұлы, үйбидайық (түрлері), күрмектары, мысыққұйрық (түрлері).

Әсер ету механизмі

препарат сезімтал арамшөптердің негізгі өмір сүру процестерін басады -  фотосинтез, зат алмасу және т.б. Дақылға және қолдану тәсіліне байланысты Гаур® арамшөптерге тікелей әсер етуі мүмкін (пияз егістігін бүрку кезінде), сондай-ақ жанама түрде әсер етеді, яғни гербицид бар топырақтың қорғаныс "экраны" (күнбағыстың өскіні шыққанға дейін топыраққа препаратты бүрку кезінді). Гербицидтің жанаспа әсері бар, ол арамшөптің ішінде жылжымайды. Сондықтан Гаура®-нің максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін бүрку жұмыстарын сапалы өткізу, яғни препараттың өңделетін арамшөптер мен топырақтың бойына біркелкі жайылуын қамтамасыз ету өте маңызды.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

сезімтал арамшөптердің зақымдануының көзге көрінетін белгілері (хлороз, некроз)  бүріккен соң 2 - 3 тәуліктен кейін байқалады, 1 - 2 аптадан соң жойылады. Қосжарнақты арамшөп өскіндерінің тұқым жарнақтары немесе астық тұқымдылардың өсу нүктелері зақымдануы салдарынан олар іс жүзінде бірден жойылады.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

үш айға дейін. Препарат топырақтың барлық түрлерінде аса беріктілігімен ерекшеленеді, себебі олар топыраққа тез сіңеді және топырақтың бөлшектерімен байланысқа түседі. Соның есебінен оны қорғау мерзімі ұзарады. Қорғаныс әсерінің ұзақтығы топырақ бетінде препарат пленкасының бүлінбеуіне байланысты. Төменгі температура мен жарықтың аз болуы гербицидтің әсерін ұзартуға ықпал етеді. Температура жоғары және жарық мол болса, ол тез ыдырайды.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.