Қолдану жөнінде ұсыныстар
пияз егістігін дақылдың екі немесе үш жапырақ шығу фазасында өңдейді. Уыттылығын төмендету үшін Гаура®-ны бөлшектеп шашу ұсынылады, арамшөптердің бастапқы даму фазасында дозасын 0,03 - 0,05 л/га бастау керек. Күнбағыс егістігінде топыраққа бүрку жұмыстары дақылдың өскіндері шыққанға дейін жүргізіледі. Гербицидтің мүмкіндігінше біркелкі жайылуына қол жеткізу өте маңызды. Ол үшін топырақ өңделген және тегіс болуы, бетінде кесек топырақтар мен өсімдік қалдықтары болмауға тиіс. Препаратпен жұмыс істеу үшін ең қолайлы жағдай топырақты ылғалдандыру және температурасы 10 °С жоғары болуы тиіс.
Егер 3 - 4 сағаттан кейін жауын болады деп күтілсе немесе дақылдар әлсіреген жағдайда болса өңдеу жұмыстарын тоқтатқан дұрыс. Гербицидтің тиімділігін барынша арттыру үшін препарат топыраққа бүркілген соң культивациялау және топырақты қопсыту жұмыстарын кемінде 2 - 3 аптаға тоқтату керек.
Үйлесімділік
препарат көптеген гербицидтермен, сонымен қатар граминицидтермен үйлеседі. Уыттылық қаупі болмас үшін пиязға Гаура®-ның басқа пестицидтермен, микроэлементтермен, сырттай пәрменді заттармен және басқа жабысқақ заттармен қосылған препараттар қоспасын қолданғанда абай болу керек. Күнбағысқа С-метолахлор (Симба®) негізіндегі препараттар қоспасы жоғары тиімлігін көрсетті. Бүріккіш ыдыста препараттар қоспасын даярлау алдында шағын ыдыста араластыратын препараттардың өзара үйлесімділігін, сондай-ақ жұмысшы ерітіндінің тұрақтылығы мен уыттылығын алдын ала тексеру қажет.