KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Күріш церкоспорозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Гифомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Күрішті зақымдайды.

Таралуы

Ауру күріш өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Жапырақта жапырақ талшықтарымен қатар орналасқан, сызықша түріндегі қоңыр дақтар (2 - 10 х 1 - 1,5 мм) пайда болады. Ұқсас симптомдар сондай-ақ жапырақ қындарында, гүлсидамда және қабыршақта дамиды. Ауру әдетте түтіктену фазасында және кеш даму сатыларында байқалады.

Биология

Қоздырғыш зақымданған өсімдік қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Көктемде мицелийлер конидийлерді қалыптастырады. Аурудың одан әрі таралуы  жаңадан түзілген конидиялардың біртіндеп зақымдауы арқылы жүзеге асады.  Инкубациялық кезеңі мөлшермен үш аптадай.  Бұл аурудың Ресей территориясындағы зияндылығы туралы мәлімет қағаз жүзінде жоқ болғандықтан, мүмкін оның біздің елдегі өнімге тигізетін зияндылығы мардымсыз болуы мүмкін.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары.
Аурудың дамуы температураның 6…35 °С диапазонында жүзеге асуы мүмкін, оңтайлы температура температура 25…28 °С. Ауру ылғал тапшы болса да, азот пен калий жетіспесе де дами алады.

Күресу әдістері

Зақымданған өсімдік қалдықтарын жинау, сүдігер жырту, төзімді сорттарды өсіру.