Қолдану жөнінде ұсыныстар
Галопты® шығын нормасы жұмысшы ерітіндінің 100 литріне 100 бастап 250 мл дейін (0,1 - 0,25 % ерітінді) қолдану ұсынылады. Қалыптасқан практика бойынша ең тиімді шығын нормасы 100 л жұмысшы ерітіндіге 200-250 мл (0,2 - 0,25 % ерітінді) болып табылады..
Арамшөп қатты түктенсе, тым өсіп кетсе, эпикутикулярлық балауыз қалыңдап, шаң басса,Галоптың® ұсынылған максималды дозасын пайдаланған дұрыс.
Ескерту!
Галоп® адъювантын бүріккіштің багына ең соңында қосу керек. Қолданар алдында канистрдағы заттарды жақсылап араластырған дұрыс.
Галоп® суық температураға сезімтал микроэмульсия болғандықтан адьювантты тек жылы қоймада сақтау керек.
Үйлесімділік
Галоп® көптеген пестицидтермен үйлеседі. Бұрын қолданылмаған адьванттар мен пестицидтерді физикалық үйлесімділігіне тексерген дұрыс. Галоп® астық тұқымдас арамшөптерге қарсы Граминион®, Квикстеп®, Ластик® Топ, Ластик® Экстра, Миура® гербицидтерімен; қосжарнақты арамшөптерге қарсы Корсар®, Эгида® гербицидтерімен; кросс-спектрлік әсері бар Грейдер®, Парадокс®, Корсар® Супер, Крейцер® және т.б. гербициидтермен бірге қолданғанда жоғары тиімділігін көрсетті..