Әсерлі заттың сипаттамасы
Галоп® адъювантының құрамында күрделі майлы қышқыл эфирлерінің, күрделі аниондық алкилполиглкозид эфирінің, этоксилденген майлы спирт пен хьюмектант комбинациялары бар. Күрделі майлы қышқыл эфирлерінің еріткіш және сіңіргіш қасиеттері бар, ал этоксилденген майлы спирт пен патенттелген аниондық дериват АПГ ылғалдандырғыш, суландырғыш және эмульгатор ретінде пайдаланылады. Галоптың® құрамындағы компоненттердің осындай үйлесімі көптеген гербицидтердің, фунгицидтер мен инсектицидтердің биологиялық тиімділігін едәуір арттырады.
Галопты® қолдану кезінде жұмысшы ерітіндінің үстіңгі қабатының созылуы 30 - 35 мН/м деңгейінде қамтамасыз етіледі, сондықтан жұмысшы ерітінді тамшыларының төмен ағып кету қаупі бар. Сонымен қатар ұсақ тамшыларда «пинг-понг» эффекті жоқ және жапырақтың бетін оңай суландырады, себебі Галоптың® құрамына кіретін майлар тамшылардың жапыраққа жақсы жабысуын және төмен ағып кетпеуін қамтамасыз етеді. Майлар өсімдік жапырақтарының бетіне тамаша жабысады және пестицидтің әсерлі заттарын ұстап тұрады. Галоптың® препараттық формасының нәтижесінде жапыраққа түскен жұмысшы ерітіндінің тамшылары нашар буланады және кристалданбайды, яғни тамшылардағы әсерлі заттардың сақталуын қамтамасыз етеді.