Қолдану жөнінде ұсыныстар
тиімділігін арттыру үшін пестицидтармен бірге қолданылады.
Адью® қолдануға ыңғайлы, суда тез ериді және оңай араласады. Бұл СПЗ-ны биологиялық тиімділігін арттыру үшін ВДГ, ВРК және ВРГ формасындағы гербицидтермен (сульфонилмочевина, имидазолинон, пиридинкарбон қышқылы және т.б.) қолдануға болады. Адьюді® қолдану кезінде аздап жабысқақ ерітінді және ұсақ тамшылар қалыптасады, сондықтан жұмысшы ерітіндінің тамшылары жоғалмау үшін техниканы икемдеп қолдану қажет.
Тиімділігі төмендемес үшін Адьюді® кейбір граминицидтармен бірге пайдаланбау ұсынылады.
Гербицидтің жұмысшы ерітіндісінің қолдану нормасы 200 л/га болған жағдайда, Адьюдің® шығын нормасы – 0,2 л/га.
Ескерту!
Гербицидтің жұмысшы ерітіндісін даярлау кезінде бүріккіштің багына адъювант Адьюді® соңғы кезекте құяды, керісінше болса көбік түзілуі салдарынан ерітіндінің бір бөлігі бактың сыртына тасып төгілуі мүмкін.
Үйлесімділік
қосжарнақты арамшөптерге қарсы ВГД формасындағы Бомба®, Магнум®, Магнум® Супер, Мортира®, Плуггер®, Трицепс®, Фабиан®, Хакер® гербицидтерімен; қосжарнақты арамшөптерген қарсы Эсток® басқа да гербицидтермен (Галион®, Горгон®, Деметра®, Суховей®) қолданылуы мүмкін.