Әсер ету механизмі
Адью® жұмысшы ерітіндінің үстіңгі бетіндегі қабатының созылуын 40 - 46 мН/м деңгейде қамтамасыз етеді (мысалы судың үстіңгі қабатының созылуы мөлшермен 80 мН/м құрайды). Құрамында Адью® болған ерітінді тамшысы жапырақ бетіне түскенде кейін қарай ыршып кетпейді («пинг-понг» эффекті жоқ), жапырақтың бетін жақсылап сулап, оның бетіне барынша жайылады.
Су тамшылары буланған сайын СПЗ еріткіш қасиеті артады. Кейін гербицид жұқа қабық арқылы оңай сіңе бастайды.
Бұл тәсіл әсіресе құрғақ, ыстық ауа райы кезінде бетін балауыз өңезі жауып қалатын арамшөп түрлерін (алабұта, жусан, гүлтәжі, қыша, сүттіген), немесе қою түктенген арамшөптерді (сарықалуен,қайызғақшөп, шағынтікен, бөденешөп) тиімді жоюға мүмкіндік береді. Тым өсіп кеткен арамшөптерге қарсы күрес те неғұрлым тиімдірек болады. Адьюді® гербицидтің жұмысшы ерітіндісіне қосқанда гербицидтің жауын-шашынға қарсы тұрақтылығы едәуір артады. Сонымен қатар гербицидке қосылған Адью® жапырақ бетінен препараттың булану деңгейін төмендетеді.
Адью® гербицидтің жұмысшы ерітіндісінің жоғары деңгейдегі дисперстігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.