KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эрудит

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгері мен күнбағыс егістіктерінде арамшөптердің кең спектріне қарсы топырақ және жапырақ арқылы әсер ететін сенімді қоскомпонентті гербицид.

Күту мерзімі мен өңдеу жиілігі

Жұмысшы сұйықтық шығыны

200 - 300 л/га.

Күнбағыс
Зиянды объектілер
Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

3 - 4

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы
Жүгері
Зиянды объектілер
Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

3 - 4

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы

Қолдану жөнінде ұсыныстар

күнбағыста Эрудитпен® топырақты бүрку жұмыстарын дақылдың өскіндері шыққанға дейін, жүгеріде  дақылды сепкенге дейін, өскін шыққанға дейін және өскін шыққаннан кейін, дақылдың 3 жапырақ фазасына дейін жүргізеді. Эрудиттің® жоғары селективтігі болғандықтан оны жүгерінің 3 жапырақ фазасына дейін пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда арамшөптердің даму фазалары ескерілуі тиіс - астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер 2 жапырақ фазасынан асып кетпеуі керек.

Топырақты дақыл себілгенге дейін бүріксе, топырақ құрғақ болған жағдайда препараттың жақсы әсеріне қол жеткізу үшін препаратты егу алдындағы культивация кезінде бүрку керек, бірақ тереңдігі 5 см аспауы тиіс, өңдеуге дейін немесе өңдеу кезінде аздап жауған жауын препараттың тиімділігін азайтпайды.

Өскін шыққаннан кейін қолдану кезінде  қосжарнақты арамшөптерді 2 нағыз жапырақ фазасында, астық тұқымдас арамшөптерді - 3 жапырақ фазасында өңдеу ұсынылады.

Ауыр топырақтарда немесе қарашірігі мол топырақта  Эрудит® шығынының максималды нормасын пайдаланған дұрыс..

Көктемгі құрғақшылық жағдайында  гербицидтің максималды дозасын пайдалану ұсынылады, бұл жағдайда оны топыраққа сіңіру қажет болуы мүмкін.

Қарашірігі аз жеңіл топырақта  0 - 20 см қабатында препараттың шығындық нормасын 3 л/г дейін азайту қажет. Қолданар алдында препаратты қаптамада жақсылап араластыру керек. 

Үйлесімділік

Эрудит препараттар қоспасында сол мерзімде қолдануға ұсынылған препараттармен үйлеседі. Бірақ барлық жағдайда араластыратын компоненттердің өзара үйлесімділігін тексеру қажет. Препаратты жүгері егістігінде пайдаланғанда астық тұқымдас арамшөптер 3 және одан көп жапырақ фазасына жеткенде немесе егістікте көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер болса, ал қосжарнақты арамшөптер өңдеу үшін оңтайлы фазада болса, тиімділігін арттыру үшін Эрудитке® Эскудо®, 20 - 25 г/га  ПАВ Аллюр®, 0,1% ерітіндісін қосуға болады. Қосжарнақты арамшөптер тым өсіп кетсе және өңдеудің оңтайлы фазасында астық дақылдылардың өскіндері жоқ болса, жүгері егістігінде қосжарнақты арамшөптерге қарсы тиімділігін арттыру үшін препараттар қоспасында Эрудитті®  Балеринамен®, 0,3 - 0,5 л/га, Эгидамен®, 0,15 - 0,35 л/га немесе Деймоспен®, 0,3 - 0,4 л/га қосып пайдалануға болады.

Жүгері егістігі әртүрлі арамшөптермен ластанса, препараттар қоспасында Эрудит® + Дублон® Голд, 70 г/га + ПАВ Аллюр®, 0,1 % ерітінді қоспасын пайдаланған дұрыс..

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.