KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эрудит

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгері мен күнбағыс егістіктерінде арамшөптердің кең спектріне қарсы топырақ және жапырақ арқылы әсер ететін сенімді қоскомпонентті гербицид.

Әсер ету спектрі

қосжарнақты арамшөптердің 90 астам түрлері, соның ішінде: жусанжапырақты ойраншөп, таран (түрлері), егістік қыша, дымқыл жұлдызшөп, ақ алабұта, дала қалуені, пикульник (түрлері), жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), қара алқа, майдагүлді галинсога, гүлтәжі (түрлері) және т.б.; сондай-ақ астық тұқымдас арамшөптер: күрмектары, мысыққұйрық, құмтары және т.б.

Әсер ету механизмі

препараттың әсерлі заттары арамшөптің өсіп шығу процесін тоқтатады.

С-метолахлор кешенді түрде әсер етеді: липидтар мен майлы қышқылдардың, флавоноидтар мен протеиннің синтезін тежейді, яғни құрамында серогидрил бар биомолекула мен А ацетилкофермент түзілуін тежейді. Мұндай механизм арамшөптердің гербицидке төзімділігінің дамуын тежейді.

Тербутилазин фотосинтез процесінде электрондарды тасымалдау ісін тежейді. Эрудиттің® жүйелі әсері бар, арамшөпке тез сіңіп, олардың өсуін тоқтатады.

Топырақта препарат астық тұқымдас арамшөптердегі қосжарнақтылардың тұқым жарнақтары мен колеоптильдері арқылы сіңеді; өсіп тұрған арамшөпке олардың тамырлары мен жапырақтары арқылы сіңеді және оны өлтіреді.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

топырақты өскіндер шыққанға дейін өңдесе,  сезімтал арамшөптердің өскіндері шықпай қалады немесе хлороз, жапырақ некрозы белгілері бар әлсіз өскіндер пайда болады.

Препаратты өскін шыққаннан кейін қолданса, арамшөптің өсуі бірден тоқтайды, пайдалы дақылдармен бәсекеге түсе алмайды. Арамшөптер бүркілген соң 10 - 20 тәуліктің ішінде толық жойылады. 

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

барлық өсу кезеңдерінде

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.