KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Эгида

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгері мен зығыр егістігінде біржылдық және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданатын, жүйелі, топырақ әсерлі гербицид.

Күту мерзімі мен өңдеу жиілігі

Жұмысшы сұйықтық шығыны

100 - 300 л/га.

Жүгері
Зиянды объектілер
Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

0,15 - 0,3

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы
Майлы зығыр
Зиянды объектілер
Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер
Шығын нормасы

0,2 - 0,3

Қолдану тәсілі мен мерзімі

Қорғау схемасы

Қолдану жөнінде ұсыныстар

жүгері егістігін бүркуді дақылдың 3 - 6 жапырақ фазасында және арамшөптердің бастапқы даму фазасында: біржылдық арамшөптерді 2 - 3 жапырақ фазасында, көпжылдық арамшөптерді - жертаған жапырақ фазасында диаметрі 5 - 8 см болғанда жүргізеді. Бұл кезде арамшөптер жылдам өсіп келе жатуы және пайдалы дақылдар арамшөптерді көлеңкелеп қалмауы тиіс. Егер жүгері ауа райының қолайсыздығынан стрестік жағдайда болса, сондай-ақ қалың шық түссе немесе қатты жауын-шашын болса, өңдеу жұмыстарын жүргізбеген дұрыс. Бүркуден соң бір сағаттан кейін жауған жауын гербицидтің тиімділігін азайтпайды.

Арамшөптердің жапырақтарын препараттың жұмысшы ерітіндісімен сапалы және біркелкі жабуды қамтамасыз ету қажет. Арамшөптердің өскіндері шыққанға дейін қолданса, Эгида өздігінен де, сондай-ақ препараттар қоспасында да ПАВ қоспай-ақ тиімділігі жоғары. Егістікті өңдеу кезінде арамшөп өскіндеріне қарсы Эгиданы® таза күйінде қолданса оған ПАВ Адью® немесе Аллюр®  қосу ұсынылады, егер  Эгиданы®  ВДГ, ВРГ, СП формасындағы препараттар қоспасымен бірге қолданса міндетті түрде  ПАВ Адью® немесе Аллюр®, 0,1% ерітіндісін қосу керек.

Қантты және жарылған жүгеріні өңдеу кезінде жұмысшы ерітіндіге май негіздегі КАС және ПАВ препараттарын қоспаған дұрыс. Зығырға Эгиданы® дақылды еккен соң және өскіндері шаққанға дейін қолданады. Препараттың максималды дозасын егістікті арамшөп басып кетсе,  арамшөпті өңдеудің оңтайлы фазасы өтіп кеткен болса, сондай-ақ ауа райының қолайсыз жағдайында қолданады. 

Эгиданы® қоланғанға дейін және қолданғаннан кейін бір апта бойы  топыраққа механикалық өңдеу жұмыстарын жүргізбеген дұрыс. Жұмысшы ерітіндіні әзірлеуге арналған суды Сойлент® кондиционерінің көмегімен дайындаған дұрыс..

Үйлесімділік

әсер ету спектрін кеңейту үшін Эгиданы® препараттар қоспасында басқа гербицидтармен қолдануға болады, мысалы,  Дублон® Голд, Эскудо®, Балерина®, сондай-ақ сол мерзімдерде қолданылатын   С-метолахлор негізіндегі (Симба®, Эрудит®), пиклорама (Горгон®) және дикамб (Деймос®).  Бірақ барлық жағдайда араластыратын препараттарды өзара үйлесімділігіне, сондай-ақ жұмысшы ерітіндіні тұрақтылық пен уыттылыққа тексеру керек. Эгидамен® өңделген егістікті  фосфорорганикалық инсектицидтармен,және тиокарбаматтар тобындағы инсектицидтармен бүрікпеген дұрыс.

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.