Әсерлі заттың сипаттамасы
мезотрион трикетондар химиялық тобына жатады.
мезотрион трикетондар химиялық тобына жатады.
Эгида® қосжарнақты, сондай-ақ біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің кең спектрін олардың даму фазасының бастапқы кезінде жояды. Препаратқа сезімтал келесі біржылдық қосжарнақты арамшөптер: Теофраст бұйра кендірі, гүлтәжі (түрлері), бақша қалуені, майда гүлді галинсога, егістік қыша, кәдімгі қышы, жабайы шомыр, сасық меңдуана, трехреберник, ақ шомыр, кәдімгі ошаған, дымқыл жұлдызшөп, таран, бақша қараоты, дала сарғалдағы, жусанжапырақты ойраншөп, көкпек, кәдімгі пикульник, қара алқа, ақ алабұта. Гербицид ішінара көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді де басады: тікенді сарықалуен, егістік қалуен, егістік қырықбуын, дала шырмауығы (тек өңдеумен қамтылғандары), талшық сүттігені (бастапқы даму фазасында); сондай-ақ біржылдық астық тұқымдас арамшөптер: сабақты тары, күрмектары, қызылкүрең құмтары.
мезотрион өсімдікке оның жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңеді, өсімдіктің тамырынан сабағына және кейін қарай жылжиды. Каротиноидтардың биосинтезін тежейді.
Эгидамен® өңделген соң сезімтал арамшөптер 1 - 2 күннің ішінде өсуін тоқтатады, олардың өсу нүктелері түссізденеді, кейін өсімдіктің тұла бойы түссізденіп, ұлпалары өледі. Арамшөптер өңделген сәттен бастап ауа райының жағдайына және арамшөп түрінің құрамына байланысты 1 - 2 аптаның ішінде толық жойылады.
Жұмсалған шығынның нормасына, ауа райының жағдайына, арамшөптердің түр құрамы мен физиологиялық жағдайына байланысты өңделген сәттен бастап 40 - 60 күн
канистрлар 5