Қолдану жөнінде ұсыныстар
бүрку жұмыстарын арамшөптердің бастапқы өсу кезеңінде (2 - 4 нағыз жапырақ) және дақылдардың 2 - 5 нағыз жапырақ шығу кезеңінде өткізген дұрыс.
Үйлесімділік
қытайбұршақ пен асбұршақты қосжарнақты арамшөптерден неғұрлым тиімді қорғау үшін (ошаған, бұйра кендір және ойраншөп) препараттар қоспасында Парадоксты® Корсармен® қосуға болады. Рапс будандары мен күнбағыста өңделетін имидазолинонға төзімді арамшөптердің спектрін кеңейту үшін препараттар қоспасында әр 100 л суға Парадокс®, 0,33 л/га + Грейдер®, 0,06 л/га + ПАВ Адью® немесе Галоп®, 0,1 - 0,2 л . пайдаланған дұрыс. Уыттылық қаупі болғандықтан препаратты фосфорорганикалық инсектицидтармен бірге немесе кезектесіп қолдануға болмайды. Препаратты микроэлементтермен (мыс, темір, цинк және т.б.) араластырып қолданбаған дұрыс.