Әсерлі заттың сипаттамасы
имазамокс имидазолинондар тобына жатады.
имазамокс имидазолинондар тобына жатады.
препаратқа сезімтал біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты, сондай-ақ кейбір көпжылдық арамшөптер, соның ішінде: жусанжапырақты ойраншөп, ақ алабұта, егістік қыша, егістік қара сұлы, ошаған (түрлері), сары қалуен, дәрілік аран, күрмектары, Теофраст бұйра кендірі, мысыққұйрық (түрлері), гүлтәж (түрлері) және т.б.
Гербицидке сезімталдығы орташа: оңтүстік акалифа, жусан (түрлері), қызғылт қалуен, жатаған бидайық және т.б.
әсерлі заттар арамшөптердің жер бетіндегі бөлігімен және тамыр жүйесімен сіңіріледі, бірнеше амин қышқылдарының синтезін тежейді.
препараттың әсері өңделген соң бір сағаттың ішінде байқалады - ол амин қышқылдарының синтезін тоқтатады, яғни сезімтал өсімдіктердің өсу процесі тоқтайды. Әсерінің көзге көрінетін белгілері 5 - 7 күннен кейін байқалады, өсу нүктелері түссізденіп, бозарады, одан кейін хлорозға ұшырап, арамшөп толық жойылады.
топырақтың ылғалы жеткілікті болса арамшөптердің сезімтал түрлеріне препараттың әсері 3 - 4 аптаның ішінде байқалады. Бұл жағдайда топырақтағы қалдығының белсенділігі есебінен арамшөптердің келесі "толқынының" пайда болу процесі тежеледі. Кейін жаңадан өсіп келе жатқан арамшөптерді дақылдар басып тастайды. Топырақ құрамында қарашірік деңгейі жоғары болса (4 - 6 %), сондай-ақ температура жоғары болса, препарат тезірек ыдырайды..
канистрлар 5