Қолдану жөнінде ұсыныстар
дақылдардың даму фазаларына қарамастан (сорттың сезімталдығын ескеріп) бір рет арамшөптердің бастапқы даму фазасында (2 - 3 жапырақ) өңдеу ұсынылады. Ластик® Экстраны арамшөптердің 2 жапырақ фазасынан бастап түптену фазасы аяқталғанға дейін пайдалануға болады. Гербицидті қолдану мерзімін дұрыс таңдаған өте маңызды - біржылдық астық тұқымдас арамшөптердің жаппай қаулап өсіп шыққан кезеңі.
Күту мерзімі – 60 күн.
Үйлесімділік
препаратты препараттар қоспасында қосжарнақты арамшөптерге қарсы қоланатын гербицидтермен (мысалы, Балерина®, Магнум®, Мортира® және т.б.) бірге қолдануға болады. Бірақ барлық жағдайда араластыратын компоненттердің өзара химиялық үйлесімділігін тексеру қажет. Препараттар қоспасын әзірлеу кезінде препараттарды алдын ала сумен араластырмай тікелей араластыруға болмайтынын ескеру керек. Препаратты 2,4-Д негізіндегі гербицидтпен араластырған жағдайда өңдеу жұмыстары үшін қолайсыз жағдай болса және тым өсіп кеткен арамшөптерге қарсы қолданылса, тіркелген граминицид шығынының максималды нормасын пайдалану ұсынылады.