KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Ластик Экстра

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Арпа, бидай және күріш егістіктерінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

феноксапроп-П-этил  -  2- (4-арилоксифенокси) пропиондар қышқылынан өндірілген химиялық топқа жатады.

Әсер ету спектрі

біржылдық астық тұқымдас арамшөптер – қара сұлы (түрлері), қоңырбас (түрлері), егістік түлкіқұйрығы, күрмектары, түкті тары, жабайы тары, мысыққұйрық (түрлері), егістік сіпсебас, эгилопс (түрлері), қызылкүрең құмтары, көпгүлді үйбидайық, жүгері қодрені және т.б.

Әсер ету механизмі

жүйелі әсері бар. Арамшөптердің жапырақтары арқылы сіңіп, бүкіл бойына тарайды және өсу нүктелерінде жинақталады. Әсерлі заттар тез ыдырап, феноксапроп еркін қышқылы түзіледі, ол өсімдіктің ұлпаларындағы май қышқылының биосинтезін тежейді. Соның нәтижесінде өсу нүктелерінде жасуша мембраналарының пайда болу процесі тоқтайды. Антидот дақылды өсімдіктердегі әсерлі заттардың ыдырау процесін жылдамдатады, өзгеріске ұшыраған бейтарап метоболиттер дақылдарға теріс әсерін тигізе алмайды.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

өңделген соң бір тәуліктен кейін арамшөптер дақылдармен бәсекеге түсе алмайды. Гербицид әсерінің симптомдары жас жапырақтардың хлорозы түрінде байқалады, өсу нүктелері әлсіреп, кейбір түрлерінде жапырақтың көкшіл қызғылт түске боялғаны байқалады. Астық тұқымдас арамшөптер ауа райының жағдайына байланысты 10 - 15 күннен кейін толық жойылады. Гербицидтің максималды тез әсеріне арамшөптердің бастапқы даму кезеңінде (2 - 3 жапырақ фазасы) және олардың өсуіне қолайлы жағдай туындағанда өңдеп қол жеткізуге болады. 

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

өңделген соң препарат тиген арамшөп өледі және сол учаске 3 - 4 аптаға арамшөптен тазарады. Бүрку жұмыстары өткен соң пайда болған арамшөптерге (екінші "толқын")  гербицид әсер етпейді, бірақ жас арамшөптер жайқалып өсіп, күш алған дәнді дақылдарға қауіп туғыза алмайды.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.