Қолдану жөнінде ұсыныстар
өңдеуге арналған оңтайлы фазалар: жүгері – 2 - 6 жапырақ; жатаған бидайық – биіктігі 10 - 15 см; біржылдық астық тұқымдас арамшөптер – 1 - 4 жапырақ (түкті тары мен құмтары – 1 - 2 жапырақ); қосжарнақты арамшөптер – 2 жұп нағыз жапырақтар; сарықалуен – жертаған жапырақ - сабақтану (15 см дейін).
Крейцердің® ең аз дозасы 0,09 кг/га біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы өте тиімді, бірақ қосжарнақты арамшөптерді жақсылап жою үшін препаратқа міндетті түрде гербицидті қосу керек: егістікте дала шырмауығы болса ( 2 - 3 экз/м2 астам) Крейцерге® Балеринаны®, 0,3 л/га; Деметрді®, 0,4 л/га; Горгонды®, 0,17 л/га; Биолан® Суперді, 0,5 л/га; Деймосты®, 0,4 л/га (ПАВ Адью® немесе Аллюр, 0,1% ерітінді) қосу керек.
Көпжылдық арамшөптердің басқа да түрлері болса өңдеу жұмыстарын кеш өткізген жағдайда Крейцер®, 0,11 кг/га + Горгон, 0,17 л/га + ПАВ Адью® или Аллюр®, 0,1% ерітінді қоспаларын қосқан дұрыс.
Проблемалы қосжарнақты арамшөптерге, соның ішінде ақ алабұтаға (4 - 5 жұп нағыз жапырақтар) қарсы, Крейцер®, 0,09 кг/га және Эгида®, 0,25 л/га қоспасының немесе Балерина®, 0,3 л/га мен ПАВ Адью® немесе Аллюр®, 0,1% қоспасының ерітіндісін қосқан дұрыс.
Өңдеу жұмыстарын мезгілінен кеш өткізбеген дұрыс, сондай-ақдақылдар әлсіреген жағдайда препаратты қолданбау ұсынылады. Бүрку жұмыстарын өткізу үшін оңтайлы температура 12 - 25 °C, жауын жауғанға дейін кем дегенде 6 сағат бұрын өткізу керек.
Үйлесімділік
препарат Балерина®, Балерина® Супер, Горгон®, Деймос® гербицидтерімен үйлеседі. Кез келген жағдайда гербицидті Аллюр® немесе Адью® (0,1% ерітінді) сияқты сыртқы бетінде белсенді заттармен бірге қолданған дұрыс. Егер бүрку жұмыстары арасында 14 күннен кем уақыт өтсе олардың уыттылық қаупі болғандықтан препаратты ФОС инсектицидтарымен бірге және олармен кезек қолдануға болмайды.