Әсер ету спектрі
сезімтал астық тұқымды арамшөптер: күрмек тары, арамшөп тары, тышқан құйрығына ұқсас түлкіқұйрық, дала сіпсебасы, біржылдық қоңырбас, қара сұлы (түрлері), үйбидайық (түрлері), жатаған бидайық, мырыққұйрық (түрлері) және т.б. Қосжарнақты арамшөптер: ойраншөп (түрлері), майдагүлді галинсога, қызыл таспа таран, шырмауық таран, таран, бұдыр таран, егістік қыша, кәдімгі ошаған, дымқыл жұлдызшөп, күйдіргі қалақай, кәдімгі зиягүл, шашақты көкпек, екпе жоңышқа,ақ алабұта, көпдәнді алабұта, дала бөтакөзі, дәрілік бақбақ, қызғылт қалуен, сары қалуен, бұдыр қалуен, егістік көздәрісі, рапс пен күнбағыс қодрені, қара алқа, жұмыршақ, бақша қараоты, жабысқақ қызылбояу, біржылдық супияз, жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), дала шегіргүлі, қымыздық, гүлтәж (түрлері), егістік қанат жеміс және т.б..
Әсер ету механизмі
препараттың әсерлі заттары арамшөптің жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңеді, өсімдіктің бойында ксилема мен флоэма арқылы жылжиды.
Олар ацетолактатсинтаза ферментін басу арқылы жасушалардың бөліну процестерін бұзады, кейін өсімдіктің өсуі тоқтап, арамшөптер жойылады. Әсерлі үш заттың комбинациясы жалғыз бір поцеске әсер етеді және оның әсері әрбір жекелеген компоненттің әсерінен асып кетеді.
Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары
гербицид өңдеу жұмыстары өткен соң 4 сағаттың ішінде өсімдікке сіңеді. Көрінетін симптомдары (хлороз, антоцианоз, талшықтарының түссізденуі) бүрку жұмыстары өткен соң 5 - 10 күннен кейін байқалады. Арамшөптердің толық жойылуы 15 күннен кейін жүзеге асады. Өсімдік өсуінің тез тоқтауы ауа райы жағдайына, арамшөп түрлерінің құрамына және олардың даму фазаларына байланысты. Тым өсіп жетілген немесе гербицидке сезімталдығы төмен арамшөптер дамуын тоқтатады.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
өсіру технологиялары сақталған жағдайда - барлық вегетациялық кезеңде. Әр гектарға қолданылатын никосульфуронның нормасын көбейту есебінен препарат 3 аптаға дейін астық дақылды арамшөптердің өскінін бақылайды.
Сақтау
Қаптама
банкалар 1