Қолдану жөнінде ұсыныстар
бүрку жұмыстарын арамшөптердің бастапқы өсу және даму кезеңінде (1 - 3 жапырақ) және дақылдардың 2 - 3 нағыз жапырақ шығу фазасында өткізеді. Корсар® Суперді Галоп® және Аллюр®. адъюванттарымен бірге қолданған дұрыс.
Имидазолинондар тобындағы өнімдерді бір егістікте үш жылда бір реттен жиі қолданбаған дұрыс.
Үйлесімділік
Корсар® Супердің әрекет ету спектрін кеңейту үшін препараттар қоспасында басқа гербицидтермен араластыруға болады. Бірақ, бүріккіш ыдыста препараттар қоспасын даярлаудан бұрын шағын ыдыста араластыратын препараттардың өзара үйлесімділігін, сондай-ақ жұмысшы ерітіндінің тұрақтылығы мен уыттылығын тексеру қажет. Препаратты сұйық тыңайтқыштармен және микроэлементтермен (мыс, темір, цинк және т.б.) араластырып қолданбаған дұрыс.