KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Корсар Супер

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті

Әсерлі заттың сипаттамасы

бентазон тиадиазиндердің, имазамокс – имидазолинондардың химиялық тобына жатады.

Әсер ету спектрі

препарат біржылдық қосжарнақты, астық тұқымдас және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптерді жояды. Қосжарнақтылардың ішінде препаратқа сезімтал: жусанжапырақты ойраншөп, майдагүлді галинсога, таран (түрлері), егістік қыша, ошаған (түрлері), дәрілік аран, дымқыл жұлдызшөп, Теофраст бұйра кендірі, майда гүлді зиягүл, көкпек (түрлері), алабұта (түрлері), қалуен (түрлері) жұмыршақ, жабысқақ қызылбояу, жусан (түрлері), жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), гүлтәж (түрлері), егістік қанат жеміс және т.б. біржылдық астық тұқымдас арамшөптер: егістік қара сұлы, кәдімгі тары, мысыққұйрық (түрлері), түлкіқұйрық (түрлері).

Әсер ету механизмі

имазамокс арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары арқылы сіңеді, бірнеше амин қышқылдарының құрылуын тежейді.

Бентазон көбінесе  өсімдіктің жасыл бөліктері арқылы сіңеді, жанаспа әсері бар, электрондардың фотосинтетикалық тасымалын бұғаттайды, көмір қышқыл газдың ассимиляциясын тоқтатады.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

арамшөптердің өңдеумен қамтылған сезімтал түрлерін дақылдарды жинағанға дейін жояды. Құрамындағы имазамокс препараты есебінен сезімтал арамшөп түрлерінің тамырларына топырақ арқылы шағын әсер етеді.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.