Қолдану жөнінде ұсыныстар
Дублон® Голд жүгері егістігінде қолдану үшін тіркелген (майға арналған жүгеріден басқа). Бүрку жұмыстарын жүгерінің 2 - 6 жапырақ шығу фазасында, жатаған бидайықтың биіктігі 10 - 15 см болғанда, біржылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер 1- 4 жапырақ шығу фазасында өткізеді.
Дублона® Голдтың ұсынылып отырған шығын нормасы – үстіне Адью® белсенді затының 0,1% ерітіндісін қоса отырып, 50 - 70 г/га. Өңдеу жұмыстарын бір маусымда бір рет өткізуге рұқсат етілген. Препаратты қантты және жарылып шыққан жүгеріге, тұқым алатын жүгеріге қолданбаған дұрыс.
Үйлесімділік
Дублон® Голд дикамба негізіндегі гербицидтермен және пиретроидтар тобындағы инсектицидтармен үйлеседі. Егер бүрку жұмыстарының аралығында 14 күннен кем уақыт өтсе, уыттылық қаупі болмас үшін препаратты фосфорорганикалық инсектицидтармен бірге және олармен кезек ауыстырып қолданбаған дұрыс. Біржарнақты арамшөптерге препараттың әсерін әлсіретіп алмау үшін Дублон® Голдты 2,4-Д негізіндегі гербицидпен дозасын 2,4-Д қышқылына аударып есептегенде 120 г/га асырып араластыруға болмайды. Өндіріс жағдайында Дублон® Голд, 70 г/га + Балерина®, 0,3 л/га препараттар қоспасы жоғары тиімділігін көрсетті.. Сондай-ақ прпараттардың келесі комбинациясын қолдану ұсынылып отыр: Дублон® Голд, 70 г/га + Эгида®, от 0,3 л/га + ПАВ Аллюр®, 0,1%-й р-р.