KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Дублон Голд

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Жүгері егістігінде біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас арамшөптерге, қосжарнақты біржылдық және кейбір көпжылдық арамшөптерге қарсы құрамалы гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

никосульфурон және тифенсульфурон-метил сульфонилмочевинадан өндірілген топқа жатады.

Әсер ету спектрі

біржылдық және көпжылдық астық тұқымдас, біржылдық және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптер. Соның ішінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптер: кәдімгі бұйырғын (күрмек тары), мысыққұйрық (түрлері), қызылкүрең құмтары, қара сұлы (қуыс сұлы), арамшөп тары (екпе), сабақты тары, шашақты тары, индия элевзинасы; көп жылдық астық тұқымдас: жатаған бидайық, сорго алеппск қонақ жүгерісі (құмай); біржылдық қосжарнақты: ләйлекшөп, жусанжапырақты ойраншөп, көк гүлкекіре, түкті жоңышқа (бұршақ), таран (түрлері), дала қышасы, сарыбасқурай (түрлері), София сармаласы, біржылдық дивала, ақбас қурай, дала қырыққабаты, кәдімгі зиягүл, алабұта (түрлері), дәрілік бақбақ, бақша қалуені, кәдімгі жұмыршақ, пикульник (түрлері), жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), біржылдық қайызғақшөп, қызылша гүлтәжі, егістік қанат жеміс, карақошқыл тауқалақай; көпжылдық қосжарнақты: дала сарықалуені, татар ассүттігені (көкшіл қалуен, сүттіген), дала қалуені (сары).

Әсер ету механизмі

Дублон® Голдтың жүйелі таңдау әрекеті бар. Әсерлі заттар арамшөпке жапырақтар мен тамырлары арқылы сіңеді,  ксилема и флоэмуа арқылы жылжиды. Олар алмастырылмайтын амин қышқылдары  лейцин, изолейцин және валиннің синтезіне қатысатын ацетолактатсинтаза ферментінің жұмысын тежейді. Соның нәтижесінде өсімдікте осы қышқылдардың тапшылығы қалыптасады, ол өз кезегінде жасушалардың бөліну прецесін бұзады, оның өсуі тоқтап, кейін арамшөп өледі.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

гербицид өсімдікке мейлінше тез сіңеді (өңдеген соң мөлшермен 4 сағаттың ішінде). Арамшөптің өсуі препаратты сіңірген соң бірнеше сағаттың ішінде баяулайды, бірақ көзге көрінетін белгілері өңделген соң 5 - 10 күннен кейін байқалады. 15 күннен кейін және одан асқан соң арамшөптер толығымен жойылады. Өсу процесінің тез тоқтауы өңдеу кезіндегі ауа райы жағдайына (ылғалдылық, температура), арамшөптер түрінің құрамына, олардың даму фазасына байланысты.

Дублона® Голд белсенділігінің алғашқы симптомдары арамшөп өсуінің күрт баяулауы болып табылады. 

Кейін түсі өзгеріп, жолақтары түссізденеді, жапырақ хлорозы байқалады, өсу нүктелері өліп, ұлпаларының хлорозы және некрозы орын алады. Арамшөп жапырақтары өңделген соң 1 - 3 аптаның ішінде хлор түсіне ауысады өсу нүктелері біртіндеп өліп, арамшөп жойылады. Тым өсіп жетілген немесе гербицидке сезімталдығы төмен арамшөптер өлмейді, бірақ әлсірейді, одан әрі дамымайды және дақылдардың өнімділігіне ықпал ете алмайды.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

Дублон® Голд көптеген жағдайларда өңдеу кезінде өскен немесе өсіп келе жатқан арамшөптерді ғана жақсы жояды..Ылғалдылық жағдайында гербицидтің топырақ арқылы болатын әсері күшейе түседі және  ол арамшөптердің өскіндерін ең көбі үш апта бойы бақылайды. 

Сақтау

Қаптама

банкалар 1.2

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.