Қолдану жөнінде ұсыныстар
дақылдардың даму фазасына қарамастан егістікке бүрку жұмыстарын біржылдық арамшөптерге қарсы 2 - 6 жапырақ шығу фазасында, көпжылдық арамшөптерге қарсы – дақылдардың даму фазасына қарамастан жатаған бидайық 10 - 20 см болғанда жүргізеді. Препараттың тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ ауа райының қолайсыз жағдайында Граминион®-ды ПАВ Галоп® немесе Адью®.препаратымен бірге қолдану ұсынылады
Үйлесімділік
препараттар қоспасында бұл препаратты сәйкес дақылдарға қолданылатын көптеген қосжарнақты арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтермен және инсектицидтермен бірге қолдануға болады. Мысалы, қант қызылшасына Граминион®-ды қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған гербицидтермен (Бицепс® 22, Бицепс® 300, Бицепс® Гарант, Пилот®, Трицепс®, Хакер® және т.б.) үйлестіруге болады. Қытайбұршақта Фабиан®, Корсар®-мен үйлестіруге болады.. Қолданар алдында қоспаны өзара үйлесімділігіне және өңделетін дақылға қатысты уыттылығына тексеру қажет.