Әсерлі заттың сипаттамасы
клетодим циклогександион оксим тобына жатады, жүйелі әсері бар
клетодим циклогександион оксим тобына жатады, жүйелі әсері бар
біржылдық астық тұқымдас – түлкіқұйрық, сіпсебас, кәдімгі қара сұлы, күрмектары, субидайық, көгілдір мысыққұйрық, жасыл мысыққұйрық, қызылкүрең құмтары, үйбидайық, арпабас, біржылдық қоңырбас, өздігінен дән шашатын астық дақылдылар; көпжылдық астық дақылдылар – жатаған бидайық, ажырық, құмайжүгері, суоты, кәдімгі қоңырбас, ветвянка, кәдімгі қамыс.
препараттың жүйелі әсері бар, өсімдіктің ішіне жер бетіндегі органдары арқылы тез сіңіріледі, тамыр жүйесіне қарай жылжиды, мерижүйелі ұлпаларда шоғырланып, липидтердің биосинтезін бұзады. Гербицид топырақ арқылы сіңбейді, бүріккеннен кейін пайда болған арамшөптерге әсері жоқ.
өңделгеннен кейін 1 - 2 күннің ішінде арамшөптер және оның тамыр жүйелері өсуін тоқтатады. 2 - 4 күннен кейін препарат әсерінің алғашқы белгілері байқалады. 7 - 10 күннен кейін өсімдік толық жойылады. Жатаған бидайықтың тамыры 12 - 20 күннен кейін құрғап қалады.
препарат егістіктегі астықтұқымдас арамшөптерді оны бүрку кезінде жояды. Арамшөптердің екінші "толқыны" жоқ болса, егістіктің тазалығын барлық өсу кезеңдерінда сақтайды.
канистрлар 5