Қолдану жөнінде ұсыныстар
Галион® -ның ең күшті әсеріне тез өсіп келе жатқан жас арамшөтерді бүріккенде қол жеткізуге болады. Біржылдық арамшөптер 2 - жапырақ шығу фазасында, ал көпжылдық тамырөркенді арамшөптер жертаған жапырақтану фазасында неғұрлым осал болып келеді. Жабыспақ қызылбояуға қарсы өңдеу арамшөптің бойы 8 см дейін болғанда тиімді. Бойы 9 - 15 см болғанда гербецид қызылбояудың өсуі мен дамуын тежейді, ол дақылдардан төмен орналасқандықтан тұқым шашшпайды және рапс өніміне көп зиян келтірмейді.
Үйлесімділік
препараттар қоспасында Эсток® гербицидімен, сондай-ақ астық дақылды арамшөптерге қарсы гербицидтермен(Квикстеп®, Миура®), фунгицидтермен (Колосаль®, Колосаль® Про, Баклер®*), инсектицидтермен (Брейк®, Борей®, Шарпей®), өсімдіктің өсуін реттегіш және сұйық тыңайтқыштармен қолдануға болады.