Әсерлі заттың сипаттамасы
клопиралид хлордан өндірілген пиридиндер тобына жатады, пиклорам – пиридинкарбон қышқылынан өндірілген. Әсерлі заттардың екеуі де өсу гармондарының синтетикалық формасы болып табылады.
клопиралид хлордан өндірілген пиридиндер тобына жатады, пиклорам – пиридинкарбон қышқылынан өндірілген. Әсерлі заттардың екеуі де өсу гармондарының синтетикалық формасы болып табылады.
Галион® ақкекірелілер, ерінгүлділер, алқалылар тұқымдастарынан, сондай-ақ қарақұмық, алабұта және т.б. тұқымдастарының кейбір түрлерінен шыққан арамшөптерге қарсы күресуге арналған.
гербецидке сезімтал мына түрлер: жусанжапырақты ойраншөп, тікенді сарықалуен, қылтықты сарықалуен, көк гүлкекіре, арамшөп жоңышқа, таран, ошаған (түрлері), дәріханалық аран, беде (түрлері), кәдімгі зиягүл, өгейшөп, татар сүттігені, қалуен (түрлері), қара алқа, жабысқақ қызылбояу, ит өгізкөгі, түймедақ (түрлері) және т.б.
Орташа сезімтал: ұсақ гүлді галинсог, , татар тараны, дымқыл жұлдызшөп, көкнәр, ақ алабұта (4 жапыраққа дейін), дала ботакөзі, кәдімгі пикульник, дала шегіргүлі, тауқалақай (түрлері). Препарат айқышгүлділерді және астық дақылды арамшөптерді жоя алмайды.
жүйелі әсері бар. Әсер етуші заттар өсу гармондарының синтетикалық формасы болып табылады, жапырақ арқылы сіңіп, өсімдіктің тамыр жүйесімен бірге бүкіл бойына тарайды және өсу нүктелеріне қарай жылжиды. Олар сезімтал өсімдік түрлерінің гармондарын алмасырады және оның функцияларын тоқтатады, олар кейін өсу процестері бұзылған соң өледі.
Галион®-ға сезімтал арамшөптердің өсуі гербицид бүріккен соң бірнеше сағаттан кейін тоқтайды. Арамшөптер қаулап өсу кезеңінде олардың өсуінің тоқтауы, жапырақтарының ширатылуы, жапырақтары мен сабақтарының деформациясы 12 - 18 сағаттан кейін байқалады. Сезімтал өсімдіктердің жапырақтары 1 - 3 аптадан кейін хлор түстес болып өзгереді және өледі. Арамшөптің түрі мен ауа райы жағдайына байланысты олар 2 - 3 аптадан кейін толық жойылады.
препарат сезімтал арамшөптердің жаңа "толқыны" пайда болғанға дейін бақылауды қамтамасыз етеді.
канистрлар 5