Қолдану жөнінде ұсыныстар
Гайтан® өскін шыққанға дейін және препаратты топыраққа бүрку әдісін пайдалану арқылы қолданылады. Гербицидтің шығын нормасы топырақтың механикалық құрамына және ондағы қара шіріктің мөлшеріне байланысты. Максималды дозасын құрамында қара шірігі мол ауыр топыраққа, сондай-ақ жауыны аз ыстық жерлерде қолданады. Құрамында қара шірігі аз жеңіл топыраққа шығынның неғұрлым аз нормасы қолданылады, соған қарамастан Гайтана®-ның тиімділігі жоғары болып қала береді.
Препараттың дозасын анықтау кезінде арамшөптің түр құрамын ескеру қажет.
Арамшөптердің түлкіқұйрық, қызылкүрең құмтары, қызылбояу, түймедақ, қара алқа сияқты проблемалық түрлерін жою үшін шығынның жоғары нормасын пайдаланған дұрыс.
Гербецидті жерге шашар алдында топырақты жақсы дайындау қажет (тегіс және кесек қыртыссыз).Тек осы жағдайда ғана сенімді гербецидтік "экран" құруға және препараттың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге болады.
Үйлесімділік
препарат препараттар қоспасында галоксифоп, глифосат, дикват, клетодим, кломазон, метрибузин, прометрин, флуроксипир, хизалофоп негіізіндегі гербицидтермен, сондай-ақ фунгицидтармен және инсектицидтармен бірге қолданылуы мүмкін. Аса тұзды су пайданған кезде глифосат негізіндегі препараттың жоғары нормасын қолдану немесе Гайтан® қосу арқылы глифосат негізіндегі препаратты (жұмысшы ерітіндінің төменгі шығын нормасы) бөлек қолдану ұсынылады.
Жесткую воду для приготовления рабочего раствора следует подготовить с помощью кондиционера Сойлент®. Во всех случаях при приготовлении баковых смесей необходимо проверять физическую и химическую совместимость их компонентов.