KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Гайтан

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Пияз бен сәбіздің бір жылдық арамшөптер тобына қарсы күресуге арналған өскін шыққанға дейін ұзақ қорғаныс әсері бар гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

пендиметалин  динитроанилиндер тобына жатады.

Әсер ету спектрі

біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптер.

Астық тұқымдас арамшөптердің ішінде препаратқа сезімтал түлкіқұйрық, кәдімгі сіпсебас, біржылдық қоңырбас, тары (түрлері), қызылкүрең құмтары, мысыққұйрық (түрлері) және т.б.

Қосжарнақтылардың ішінде гербецидке сезімталы: бөденешөп (түрлері), таран (түрлері), дәрілік сарыбасқурай, егістік қышасы, дәрілік аран, дымқыл жұлдызшөп, Теофраст бұйра кендірі, күйдіргі қалақай,  көкпек (түрлері), сарғалдақ (түрлері), өздігінен өсетін көкнәр, алабұта (түрлері), дала ботакөзі, қара алқа, жұмыршақ, пикульник (түрлері), жабысқақ қызылбояу, бақша қараоты, өгізкөк (түрлері), жабайы шомыр, түймедақ (түрлері), дала шегіргүлі, гүлтәж (түрлері), тауқалақай (түрлері).

Әсер ету механизмі

гербицидті арамшөптің тамырлары мен өскіндері сіңіріп алады. Ол өзіне сезімтал өсімдік жасушаларының бөлінуі мен өсуін тежейді. Препараттың әсерінен арамшөп тұқымы өсіп шыққан кезде немесе өскін пайда болған кезде өледі.  Гайтан® өзіне сезімтал арамшөптер өсіп шыққаннан кейін де әсер етеді,  тек өңдеу кезінде астық тұқымды арамшөптер  1 - 1,5 жапырақтық фазада, ал қосжарнақты арамшөптер - 2 нағыз жапырақ фазасында болуы керек. 

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

препаратты  өсіп шыққанға дейін қолданса арамшөп өсу кезінде жойылады. Өсіп шыққан арамшөптерге қарсы әсер ету жылдамдығы қоршаған ортаның температурасына және топырақтың ылғалдылығына байланысты.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

гербицид әсерінің деңгейі мен ұзақтығы арамшөптің құрамына, ластану деңгейіне, ауа райы жағдайына және топырақтың ерекшелігіне байланысты. Қолайлы жағдай қалыптасса, препараттың қорғаныстық әсері 9 аптаға дейін жалғасуы мүмкін.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 10

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.