Қолдану жөнінде ұсыныстар
Бицепс® Гарант-пен өңдеуді жұмысшы ерітінді дайындалған соң бірден кірісу керек. Препаратты қолдану мерзімі арамшөптің даму кезеңіне едәуір тәуелді.
Еркерту! Бицепс® Гарант-тың шығын нормасын 2 л/га жоғары қызылшаның 4 нағыз жапырақ шыққан кезеңінде, дақылдың дамуына оңтайлы жағдай қалыптасқанда арттыруға болатынын ұмытпау қажет.
Бицепс® Гарант-тың ерітіндісін алдын ала дайындамау ұсынылады Сонымен қатар барлық жағдайда суды препаратқа қосуға болмайды. Препаратты суға қосу ұсынылады.
Үйлесімділік
Бицепс® Гарант препараттар қоспасында әсерін жанжақты кеңейту үшін қосылған Миура® және т.б. гербицидтермен, сондай-ақ граминицидтермен үйлеседі. Препаратты фосфорорганикалық инсектицидтармен араластыруға немесе бірінен кейін бірін қолдануға болмайды, онда уыттылық қаупі туындауы мүмкін.