KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Бицепс Гарант

Гербицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Қант қызылшасының егістігіне үшкомпонентті базалық гербицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

десмедифам және фенмедифам бис-карбаматтарға, этофумезат–бензофуранилалкансульфонаттарға жатады.

Әсер ету спектрі

 к Бицепс® Гарант-қа сезімталдығы жоғары гүлтәж (түрлері), жусанжапырақты ойраншөп, бөденешөп (түрлері), егістік қыша, тарын (түрлері), сарыбасқурай (түрлері),  София сармаласы, дәрілік аран, дымқыл жұлдызшөп, кәдімгі зиягүл, көкпек, алабұта (түрлері), біржылдық қоңырбас, қара алқа, жұмыршақ, кәдімгі пикульник, жабысқақ қызылбояу, бақша қараоты, жабайы шомыр, дала майдашөбі, дала шегіргүлі, егістік қанат жеміс. Сезімталдығы орташа – көк гүлкекіре, сыпыртқы изені, күйдіргі қалақай, кәдімгі сіпсебас, бақша қалуені, кәдімгі жусан, күрмек тары, қызылкүрең құмтары, сораң, жасыл мысыққұйрық, үштарамды ошаған, біржылдық қайызғақшөп; сезімталдығы төмен – Теофраст бұйра кендірі, жатаған бидайық, дала түлкіқұйрығы, түймедақ (түрлері), дала сарықалуені, дала қалуені, сор ажырық.

Әсер ету механизмі

препараттың трансламинарлық және ішінара топырақ арқылы әсер ететін қасиеті бар. Десмедифам и фенмедифам жапырақтың пластинкасы арқылы сіңеді, ал этофумезат сонымен қатар топыраққа әсер ете отырып, өскіндер мен тамыр арқылы сіңеді.

Гербицид фотосинтез бен белок алмасуды бұза отырып, арамшөптердің бастапқы даму кезеңінде басады, мерижүйелік ұлпалардың өсуін және жасушаның бөлінуін тежейді, балауызды қабаттың қалыптасуын шектейді.

Әсер ету жылдамдығы мен симптомдары

гербицидтің әсері қолданған соң 4 - 8 күннің ішінде  білінеді. Бастапқыда жапырақтар ағара отырып хлорозға дейін жетеді. Арамшөп біртіндеп солып, құрғап қалады. 2 - 3 аптадан кейін толық жойылады.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.