Қолдану жөнінде ұсыныстар
тұқымды дәрілеу алдын ала (1 жылға дейін) немесе себер алдында жүргізіледі. Алдын ала тек сапалы дәндер, егер оларды сақтайтын орын талапқа сай болса жүргізіледі. Өңдеу үшін тұқым шаңнан және қалдықтардан тазартыруы тиіс, сонда препарат жақсы жабысып, дәрілеу сапасы жақсарады. Өңдеу сапасы тұқымның боялуына қарап бақыланады. Дәрілеуді ылғалдандыра отырып жүргізген дұрыс.
Үйлесімділік
Табу® Нео-ны фунгицидтік дәрілеуіштермен бірге қолдануға болады, соның ішінде ТМТД ВСК препаратымен және сумен жақсы араласып, қызыл түсті, қалдықсыз, жікке бөлінбеген біркелкі суспензия қалыптастырады. Қалған жағдайларда қолданар алдында араластырылатын компоненттердің өзара үйлесімділігін тексеру қажет.