Әсерлі заттың сипаттамасы
препараттың әсерлі екі заты неоникотиноидтар химиялық тобына жатады, жанаспалы және ішектік әсері мен жүйелі белсенділігі бар, бірақ ерігіштігі мен жылжымалылығы жағынан айырмашылығы бар.
Клотианидин ерігіштігі мен жылжымалылығы имидаклопридпен салыстырғанда төмен, сондықтан тұқым жанындағы кеңістікте жақсы бекіп, тұқым мен одан өскен тамыр жүйелерін сенімді қорғаныспен қамтамасыз етеді.
Имидаклоприд, клотианидинға қарағанда ерігіштігі жоғары, өсімдіктің тамыр жүйесіне тез сіңеді, өсімдік ұлпасы арқылы жылжи отырып, шыбын-шіркейдің өсімдікті зақымдауына мүмкіндік бермейді.
Әсер ету спектрі
өскіндерді, жас өсімдіктердің жер бетіндегі бөлігі мен тамыр жүйелерін зақымдайтын, соның ішінде дәнді дақылдар - астық тұқымдастар шыбыны, астық бүргесі, астықтың бырылдақ қоңызы; жүгеріде, күнбағыста - сымқұрттар; қытайбұршақта - сымқұрттар, бізтұмсықтар; рапста - айқышгүл бүргесі сияқты зиянкестер тобы.
Әсер ету механизмі
клотианидин және имидаклоприд нақты жүйелі белсенділігі бар, ішектік және жанаспа әсері бар индексидтер болып табылады. Олар постсинаптикалық нервтің никотинэргикалық рецепторларын бұғаттап тастайды..Нәтижесінде нерв импульстерін қалыпты өткізу қабілеті бұзылып бұзылып, соның салдарынан нерв жүйесі тым қозып, зиянкестердің өліміне әкеп соғады. Жүйелі белсенділігінің нәтижесінде екі әсерлі зат тұқымның ішіне сіңіп, кейін тамыр жүйесіне өтеді, сонан соң өсімдік өскен сайын оның бүкіл бойына тарайды. Препараттың "топырақ - өсімдік" жүйесінде біртіндеп таралу нәтижесінде әсерлі заттың концентрациясы өсімдік ұлпасында тұрақты сақталады.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
препаратты шығындау нормасына және дақылдың даму жағдайына тәуелді. Астық дақылдылар үшін қорғаныс кезеңі түптену фазасынан түтіктену кезеңіне дейін; рапс үшін - 2 - 4 жұп жапырақ шыққанға дейін; жүгері, күнбағыс,, қытайбұршақ, асбұршақ, қойбұршақ және жасымық үшін - 4 - 5 жапырақ шыққанға дейін жалғасады. Дәнді ерте сепкен жағдайда Табу Нео-ның шығындық нормасын мүмкіндігінше көбейту ұсынылады.
Сақтау
Қаптама
канистрлар 5