Әсерлі заттың сипаттамасы
МЦПА феноксиуксус қышқылынан, пиклорам – пиридинкарбон қышқылынан өндірілген топқа жатады.
МЦПА феноксиуксус қышқылынан, пиклорам – пиридинкарбон қышқылынан өндірілген топқа жатады.
жатаған укекіре мен басқа да біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер, соның ішінде жусанжапырақты ойраншөп, тікенді сарықалуен,(қызғылт қалуен), дала шырмауығы, сары қалуен, батпақты қайызғақшөп және т.б.
Горгон® ауксиноға ұқсас (өсуін реттейтін) әсері бар гербицид болып табылады. МЦПА – өсімдіктің өсуін тежейді, фосфор тотығу процесін тоқтату арқылы өсімдіктің құрылымдық және ферменттік белок биосинтезі мен энергия алмасу процесін бұзады. Арамшөптерге олардың жер бетіндегі бөлігі арқылы, негізінен жапырақ арқылы тез сіңеді, өсімдіктің ішінде оңай жылжып, өсу нүктелеріне жетеді. Өсімдіктің ұлпаларында шоғырланып, МЦПА сезімтал өсімдік ұлпаларының қалыпты өсу процесін бұзады. Пиклорам МЦПА сияқты өсімдіктің өсуін реттеуші заттарға жатады, өсімдіктің ішінде оңай жалжып, жаңа өсіп келе жатқан ұлпаға оңай ауысады. МЦПА сияқты жасушаның өсу, бөліну, белок синтезі процестеріне әсер етеді.
ауа райы жағдайына, арамшөптердің құрамы мен түріне қарай олардың әлсіреу белгілері ( (тургордың жоғалуы, жапырақ пластинкасының деформациясы) бүркілген соң 12 - 18 сағаттан кейін байқалады. Горгон® әсерінің негізгі симтомдары бүркілген соң 3 - 7 күннен кейін көрінеді және өсімдіктің әслірегені, сабақтары мен жапырақтарының қалыңдағаны мен ширатылғаны байқалады. Сезімтал өсімдіктердің жапырақтары 1 - 3 аптадан кейін хлорланып, өсуі тоқтайды. Өңделген соң 2 - 3 аптадан кейін жатаған укекіре және басқа да арамшөптер толық жойылады.
препараттың жатаған укекіреге қарсы әсері келесі маусым кезінде де сақталады, яғни өңделмеген танаптарға қарағанда қайтадан өсіп шығатын арамшөптердің саны күрт азаяды. Горгон®-мен бүрку нәтижесінде астық егістігінде жатаған укекіре 2 - 3 жыл бойы шықпайды.
канистрлар 5