Әсерлі заттың сипаттамасы
имидаклоприд неоникотиноидтар (хлорникотинилдер) тобына жатады, жүйелі белсенділігі бар, көптеген зиянды кеміргіш және сорғыш бунақденелілерге жанаспа-ішектік әсері бар. Лямбда-цигалотрин синтетикалық пиретроидтарға жатады, жанаспа-ішектік әсері бар, бірақ көптеген пиретроидтардан айырмашылығы, өсімдік жегіш кенелерге қарсы тиімді.
Әсер ету спектрі
инсектицид дәнді дақылдардың негізгі зиянкестерінің барлығын жояды: зиянды тасбақа қандаласы, сүлікше қоңыз, биттер, астық қоңызы, трипстер, астық бүргесі, цикадкала және т.б.; рапста: айқышгүлділер бүргесі, рапс егеушісі, рапс гүлжегіші, рапс тұқымының жасырын тұмсықты қоңызы; қант қызылшасында: қызылша бүргесі, бізтұмсықтар, қызылшаның жапырақ биті, шалғын көбелегі; асбұршақ: асбұршақтың дән қоңызы, асбұршақ жемірі, асбұршақ биті; картоп пен қызанақта: колорад қоңызы; сәбізде: сәбіз шыбыны, сәбіздің жапырақ бүргесі; пиязда: қырыққабат күйесі, қырыққабат көбелегі, қырықбабат пен шомыр ақ көбелегі, қырыққабат биті, айқышгүлділер бүргесі; алма ағашында: алма жемірі, жапырақ ширатқыш көбелек; жүзімде: жүзім шоғының жапырақ ширатқыш көбелегі; сондай-ақ жайылымдағы обыр шегірткелер тұқымдастары. Борейдің ерекше қасиеті - жүйелі белсенділігінің нәтижесінде ол жасырын өмір сүретін зиянкестерді де жояды, соның ішінде сабақ егеушісі, сонымен бірге жапырақтың астыңғы жағында және өсімдіктің жұмысшы ерітінді жетпейтін бөлшектерінде қоректенетін фитофагтарды жояды..
Әсер ету механизмі
инсектицидтегі әсерлі заттардың әрекеті әртүрлі, сондықтан олардың бір препараттық формадағы комбинациясы жоғары тиімділікке қол жеткізеді.
Имидаклопридтің жүйелі трансламинарлық белсенділігі бар, өсімдікке оның жапырақтары, сабақтары және тамырлары арқылы сіңеді, паренхимаға жайылады, ксилема бойынша жылжиды.
Лямбда-цигалотрин өңделген өсімдіктің сыртқы бетінде қалады. Борей® зиянкестердің орталық нерв жүйесі арқылы жіберілген сигналдарды тез басады. Бунақ денелілер бүрку кезінде, сондай-ақ өңделген өсімдікпен қоректенген кезде уланады. Бұл әсіресе инсектицидтің жұмысшы ерітіндісі жетпейтін жерлерде жасырын өмір сүретін, сондай-ақ жапырақтың төменгі бетінде және өсімдіктің кез кеген басқа бөлшектерінде қоректенетін зиянкестерді жою үшін маңызды.
Қорғаныс әсерінің ұзақтығы
орташа 14 - 21 күн, және ол нақты зиянды объектіге және ауа райы жағдайына байланысты.
Сақтау
Қаптама
канистрлар 5
банкалар 1