KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Сикурс

Фунгицидтер
Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Бидайды жапырақ-сабақ және масақ жұқпаларынан, көптеген басқа дақылдарды аурулар кешенінен қорғауға арналған кең спектрлі әсері бар құрамалы жүйелі фунгицид.

Әсерлі заттың сипаттамасы

азоксистробин – стробилуриндер тобындағы әсерлі зат. Ұзақ мерзімдік көгалдандыру және қорғаныс әсерімен ерекшеленеді.  Азоксистробиннің өсімдікке оң физиологиялық әсері бар, қараңғыда нитраредуктазаның инактивациясын баяулату есебінен сіңірілетін азоттың көлемін арттырады, тыныс саңылауларының жабылу процесін реттеу және көмір қышқыл газдың ассимиляциясын күшейту  арқылы тұтылатын судың көлемін азайтады. Бұл құрғақшылық жағдайында ерекше маңызды.

Этилен (қартаю гормоны) түзу процесін тежеу арқылы өсімдіктің өсу кезеңін ұзартады.

Эпоксиконазол – триазолдар тобындағы кең спектрлі әсері бар фунгицид, аурудың алдын алатын, оны жоятын және қалдығының ұзақ мерзімдік қорғаныс әсері бар. Өңделген соң ол жапырақтар арқылы тез сіңіп,  өсімдіктің бойымен жылжиды. Ауа райы суық және ылғалды болғанына қарамастан белсенді болып қала береді.

Әсер ету механизмі

азоксистробин  митохондриалық тыныс алу процесін тежейді.. Эпоксиконазол саңырауқұлақ жіпшелерінде жасуша мембраналарының түзілуін бұзады.

Қорғаныс әсерінің ұзақтығы

Сикурс® өңделген сәттен бастап егістікті инфекциялардан 4 апта бойы қорғауды қамтамасыз етеді.

Сақтау

Қаптама

канистрлар 5

Препарат туралы басты ақпарат Препараттың сипаттамасы Қолдану регламенті
Ұсынамыз:

Қазақстанға арналған мобильді каталог

Препараттар каталогі, дақылдарды қорғау жөніндегі ұсыныстар және пайдалы мақалалар әрқашан көз алдыңда. Интернетсіз істейді

Жаңа препараттар

Балерина Форте* Жаздық бидай мен жүгері егістігіндегі кейбір қосжарнақты көп жылдық арамшөптерге қарсы және бір жылдық қосжарнақты арамшөптерді жоюға арналған әсері күшейтілген гербецид.
Ластик Топ Бидай егістігінде біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы күресуге арналған селективті гербицид.
Мортира Жаздық дәнді дақылдардың, күнбағыстың егістіктері мен сүрі жерлерде біржылдық қосжарнақты арамшөптердің кең спектрімен және тікенді сарықалуенмен күресуге арналған өскін шыққаннан кейін қолданылатын гербицид.
Колосаль Про Дәнді дақылдарды, қант қызылшасын, жүзімді, рапсты, қытайбұршақты, асбұршақты және басқа да дақылдарды аурулар кешенінен ұзақ мерзімге қорғайтын қоскомпонентті жүйелі фунгицид.
Борей Нео Жаздық бидайды, рапсты, қант қызылшасын, асбұршақты, картопты және алма ағаштарын зиянкестер кешенінен қорғауға арналған тамаша үш компонентті инсектицид.