Қолдану жөнінде ұсыныстар
тұқымдарды алдын ала (1 жылға дейін) немесе тікелей себер алдында дәрілейді. Алдын ала дәрілеуді тек қана сапалы тұқымға және оны сақтау талапқа сай болса жүргізуге болады. Өңдеу үшін шаңнан және қоқыстардан тазарту ұсынылады, яғни препарат дәнге жақсы жабысып, дәрілеу сапасын жақсартады. Өңдеу сапасын тұқымның боялуына қарап бақылайды. Препарат ерітіндісінің үлгісін дайындау ұсынылады (қажет көлемдегі дәрілеуішті жеке ыдыста 1:1 ара қатынаста суға қосып араластыру қажет).
Үйлесімділік
қатты сіліті немесе қатты қышқыл реакциясы бар препараттармен араластырмау керек.