Әсерлі заттың сипаттамасы
Имидаклоприд неоникотиноидтар тобына, дифеноконазол мен тебуконазол – триазолдар тобына жатады..
Имидаклоприд неоникотиноидтар тобына, дифеноконазол мен тебуконазол – триазолдар тобына жатады..
Имидаклоприд - жанаспалық және ішектік әрекеті мен жүйелік белсенділігі бар инсектицид, Жүйелі белсенділігі жоғары, тұқымның ішіне сіңіп, кейін өсімдіктің тамыр жүйесіне өтеді және өскен сайын барлық органдарына тарайды.
Тебуконазол тұқымның сыртқы (қатты қара күйе, септориоз, гельминтоспориоз) және ішкі (тозаңды қара күйе) инфекцияларының дамуын тежейді.
Дифеноконазол жүйелі әсерлік қабілеті бар. Оның суда ерігіштігі тебуконазолға қарағанда төмендеу. Тұқымдар мен өскіндер дифеноконазолды бойына біртіндеп сіңіреді, соның нәтижесінде колеоптилді қатты қара күйемен зақымданудан ұзақ уақыт қорғайды. Дифеноконазол көбінесе өсімдіктің тамыр жүйесіне және сабақтың тамырға жақын бөлігінде жиналып, оны тамыр шірігінің қоздырғыштарынан ұзақ мерзім бойы қорғайды, сондай-ақ қатты, тозаңды және қортық қара күйені тиімді бақылауды қамтамасыз етеді. Екі фунгицидтік әсерлі заттар бірін бірі өте жақсы толықтырады, дәрілеуіш ішкі, сондай-ақ сыртқы инфекцияларға ұзағырақ әсер етеді, ал инсектицидтік компонент өсімдікті көптеген зиянкестерден қорғайды.
препараттың зиянкестер тобына, тамыр (тамыр жанындағы) шірігіне және жапырақ пен сабақ инфекцияларына қарсы неғұрлым тиімді әсері тұқым өсіп шыққаннан бастап астықтың түтіктену кезеңіне дейін сақталады. Өсімдік өсуінің соңғы кезеңінде дамитын аурулар (қара күйе) тұқымды өңдеу кезінде жойылады.
канистрлар 10