KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қолдану қауіпсіздігі

Дайындау

  • Алдымен сіз ауылшаруашылық дақылдарға қолдану үшін жоспарлаған препаратты осы дақылға қолдануға рұқсат етіле ме, соған көз жеткізіңіз.

  • Ауылшаруашылық дақылдарды немесе тұқымды өңдердің алдында препараттың қаптамасындағы этикеткены оқып шығыңыз. Әсіресе пестицидтерді қолдану ерекшеліктеріне, онымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына, сондай-ақ уланған кезде алғашқы көмек көрсету шараларына баса назар аударыңыз.

  • Өңдеу үшін пайдаланатын техникалардың жұмысшы жағдайын тексеріңіз және қажет дайындық жұмыстарын өткізіңіз.

Қолдану

  • Препараттармен жұмыс істейтін адамдардың терісін, көздерін және тыныс алу ағзаларын қорғау үшін міндетті түрде арнайы киімдермен қамтамасыз етіңіз (арнайы киімдер, көзді қорғайтын көзілдірік, қолғап, аяқ киім және респираторлар).

  • Препараттың жұмысшы ерітіндісін дайындау және оны бүріккіштің багына құю жұмыстарын арнайы алаңдарда өткізіңіз. Жұмыс кезінде препараттың төгілуіне немесе шашылуына жол бермеңіз. Төгілген немесе шашылған препараттарды зарарсыздандыру жөніндегі нұсқаулық қаптаманың этикеткесында көрсетілген.

  • Жұмысшы ерітіндіні препарат толық ерігенге дейін үнемі мұқият араластырыңыз. Бактағы қоспалар бірнеше препараттан тұратын болса, әрбір келесі компонентті алдыңғы препарат толық еріген соң ғана қосыңыз.

  • Препарат салынған ыдыс босаған соң оны сумен кемінде үш рет шайыңыз, шайындыны бүріккішке құйыңыз. Босаған ыдысты қайтадан пайдаланбас үшін тесіп тастаңыз және оны утилизацияға немесе қайта өңдеуге жіберіңіз. Препарат пен оның қалдықтарын канализацияға, сондай-ақ суаттарға ешқашан төкпеңіз.

  • Өсімдіктерді өңдеу жұмыстарын таңғы немесе кешкі уақытта, желдің жылдамдығы 4 - 5 м/с аспаған кезде өткізіңіз. Жұмыс кезінде препаратты қолдану технологияларын, сондай-ақ пайдалы флора мен фауналарды қорғау және қорғалатын су объектілері жанындағы аймақтарда препараттарды қолдануға қойылатын талаптарды сақтаңыз. Өңдеу жұмыстары аяқталған соң бүріккішті мұқият тазалап, жуыңыз.

  • Тұқымдарды дәрілеу алдында оны шаңнан және қалдықтардан мұқият тазартыңыз. Өңделген тұқымды жалаңаш қолмен ұстамаңыз және бөтен адамдарды жақындатпаңыз! Дәріленген тұқымды себу кезінде дәннің топыраққа түсу тереңдігін бақылаңыз: мал мен құстың улануына жол бермеу үшін олардың түскен дәнді жеуіне мүмкіндігі болмауы керек. Өңделген тұқым егіс басында шашылып қалмау керек, оларды жинап, утилизацияға жіберіңіз. Себу жұмыстары аяқталған соң сепкішті мұқият тазарту керек.

  • Жұмысшы ерітіндіні дайындау, дақылдарды өңдеу және дәріленген тұқымды себу жұмыстары аяқталған соң қолыңызды қолғапты шешпей жуыңыз, одан кейін шешіп, жеке қорғанысқа арналған заттарыңызды кейін қайтадан пайдалану үшін тазартыңыз және душ қабылдаңыз.

Тасымалдау және сақтау

  • Препараттарды азық-түлік тағамдарымен және құрама жеммен бірге тасымалдауға және сақтауға қатаң тыйым салынған.

  • Препараттарды пестицидтерге арналған, тұйықталып жабылған қоймаларда, сырты жыртылып ашылмаған зауыт қаптамасында сақтаңыз. Сақтау температурасын қадағалаңыз - кейбір препараттарды суыққа қатыруға болмайды.