KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қойбұршақ антракнозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтар тобына жатады.

Дақылдар

Қойбұршақты, қытайбұршақты, үрме бұршақты, лядвенецті, жоңышқаны, қызыл бедені зақымдайды.

Таралуы

Қиыр Шығыста және Краснодар өлкесінде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Тұқым жарнағында  күлгін түсті ойық жара пайда болады. Тамыр жанындағы сабақта қара-күрең дақ немесе жолақ болады. Жас сабақтар мен жапырақ сағақтарында   сопақтау, жарылып кететін спора түзгіш дақ пайда болады. Бұршақбаста бастапқыда ұсақ, шеті қара-күреңделген дақ пайда болып, кейін аумағы үлкейіп тереңдей бастайды, кейін дақтар бір-біріне қосылады. Бұршақбастың қабығы жарылып,  ауру тұқымдарға тарайды.  Аурумен зақымдалған барлық органдарда саңырауқұлақтың конидиалдық спора түзуі жақсы байқалады - қара түгі бар ұсақ ложа. Ауру тұқымдарды мицелий мен түзілген спорадан тұратын тығыз сұр өңез басады.

Биология

Ауру қытайбұршақты өскіннен бастап піскенше зақымдайды. Саңырауқұлақ тұқымда мицелий және хламидоспор түрінде, өсімдік қалдықтарында  мицелий, хламидоспор және конидий түрінде сақталады. Олар хламидоспор, конидия арқылы тарайды. Ауру өсімдіктің массасын, бұршақбас пен тұқымның массасы мен санын 2 еседен артық төмендетуі мүмкін. Қытайбұршақ дәнінің сапасы да төмендейді: құрамындағы май мен белоктың мөлшері  1,8…2,1 % азаяды..
Инфекция көзі – тұқымдар, өсімдік қалдықтары.
Аурудың жаппай таралуына  көктемде және жазда болған жауында ауа райы ықпал етеді. Мицелийдің өсуіне және конидийдің түзілуіне оңтайлы температура – 28…30 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өсімдік қалдықтарын жойып сүдігер жырту,  дұрыс суару режимі, төзімді сорттар.