KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қойбұршақ фузариозы

Аурулар
Дақылдар

Көптеген дақылдарды зақымдайды.

Классификация

Деотеромицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады..

Таралуы

Ауру бұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру көбінесе тамыр шірігі және трахеомикоздық солу түрінде байқалады. Тамыр шірігі өскін шыққаннан бастап бұршақ пайда болғанға дейін анықталады. Ауру өсімдіктердің жапырақтары сарғаяды,ширатылады, құрғап түсіп қалады. Тамырлары қоңырқайланады және өледі. Жауынды кездерде тамырлардың тамыр мойнанда, кейде сабақтың түбінде ақ немесе қызғылт өңез пайда болады. Трахеомикоздық солу көбінесе гүлдеу және бұршақтардың қалыптасу кезеңінде байқалады. Жапырақтар формасын жоғалтады, үстіңгі жағы солғын тартып, өсімдік тез солады. Сабақтың көлденең кесіндісінде қарайған талшықтары көрінеді. Жоғары ылғалдылық қалыптасқан жағдайда зақымданған органдарда саңырауқұлақ спораларының қызғылт өңездері пайда болады.

Биология

Инфекция көзі топырақтағы және өсімдік қалдықтарындағы споралар, сондай-ақ тұқымдағы мицелий болып табылады. Қытайбұршақ егістігінде фузариоздың дамуы өскіндердің өлуіне, өнімнің 50% жоғалтуға, тұқымдық материал сапасының төмендеуіне әкеп соғады. 
Инфекция көзі– өсімдік қалдықтары, топырақ, тұқым.
Тамыр шірігінің жақсы дамуы үшін топырақтың ылғалдылығы барлық ылғал сыйымдылығының 40…60 % , температура орташа  18…22 °С. болуы керек. Өсімдіктің солуына ықпал ететін саңырауқұлақтардың дамуына қолайлы жағдай вегетацияның екінші жартысындағы жоғары температура және топырақтағы ауыспалы су режимі болып табылады.  F. culmorum үшін оңтайлы температура – 12…18 °С, F. avenaceum үшін – 18…22 °С, F. oxysporum f. pisi үшін – 24…28 °С, F. Solani f. pisi үшін – 20…25 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, аралас себу тәсілін пайдалану.