KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Фузариоз, немесе картоптың фузариозды солуы

Аурулар
Аурудың симптомдары

Ауру өсімдіктің гүлдеген кезінде байқала бастайды. Ауру тез тарайды, жоғарыдан төмен қарай:бастапқыда жоғарғы жапырақтар одан кейін сабақтары, түйнектері мен тамырлары зақымданады. 

Жапырақтарында. Аурудың бірінші белгісі – жоғарғы жапырақтар өзінің үйреншікті түсін жоғалтады, ағарады, шеттері қараюы мүмкін. Уақыт өте келе олар әлсізденеді, түнгі уақытта  әлсіздігі жоғалып, күндіз қайта әлсірейді. Ауру дамыған кезде  жапырақтар солады, құрғайды және ширатылады, кейін түсіп қалады. Егер ауа райы салқын және ылғалды болса, жапырақтар солмауы мүмкін, олар басынан бастап құрғай бастайды.

Сабақтарда. Сабақтың жоғарғы бөлігі әлсіреп, қараяды – көкшіл түске боялады. Төменгі бөлігі күреңденеді, ауа райы ылғалды болса,  шірік дами бастайды. Сарғыш немесе қызғылт түсті өңез пайда болуы және жеңіл түйнектер қалыптасуы мүмкін. Егер зақымданған сабақты кессе, оның кесіндісінде қарайған учаскелер байқалады. Тамырлары да қарайып әлсірейді.  Бірнеше күннің ішінде толық солады.

Түйнектерде. Түйнектер әдеттегімен салыстырғанда қараяды.. Егер оны жинап сақтаса,  2–3 айдан кейін картопта құрғақ фузариоздық шірік дамығанын байқауға болады. Картоп түбінен бастап шіриді. Әсіресе түйнектің механикалық зақым келген учаскелері тез зақымданады. Сол арқылы картопқа ауруқоздырғыштар енуі мүмкін. Шірік бастапқыда сұр-күрең дақты ойық түрінді байқалады, Уақыт өткен соң түйнектің іші қуыс болып қалады, оны саңырауқұлақтар толтарады. Қабығы жиырылып, оның астында жемістің еті жоқ сияқты сезіледі. Зақымданған картоп баяу өседі, өскіндері сирек және жіңішке болады.

Күресу әдістері

Агротехникалық. Фузариоз учаскеде болмау үшін бақшаны күту ережесін сақтау керек. Біз отырғызу мерзімін сақтау,  топырақты қопсыту және стерилизациялау туралы жазғанбыз. Сонымен қатар өсімдіктің зақымданбауына көмектесетін басқа да шараларды қолдану керек:

картопты органикалық және минералды тыңайтқыштармен нормаға сәйкес қоректендіру;

грядка жанындағы арамшөптерді отау;

өнім жинағанға дейін 2 апта бұрын пәлектерді жою, одан кейін өсімдік қалдықтарын жинап алу;

түйнектерді ережеге сәйкес сақтау,  олардың зақымданбауын қадағалау. Ол үшін оларды абайлап, ұқыптап жинау қажет.

Егер ауа райы фузариоздың дамуына қолайлы болса, оның алдын алуға ерекше мән беру керек. Отырғызылғын картопты нормадан артық суаруға жол бермеу және оның жағдайын қадағалау керек: саңырауқұлақ алдымен әлсіреген өсімдіктерді зақымдайды..

Химиялық. Фузариозбен күресуге фунгицидтер көмектеседі: бұл саңырауқұлақтарды жоятын препараттар. Оларды қолданудың бірнеше тәсілдері бар:

түйнектерді отырғызар алдында немесе отырғызу кезінде өңдеу;

түйнектерді сақтау үшін қоймаға салар алдында өңдеу;

өсімдіктерді вегетация кезінде фунгицидтермен бүрку;

фумигация, яғни картоп сақтайтын қойманы зарарсыздандыру. Фумигация кезінде әсерлі заттар газ түрінде бүкіл үй-жайға жайылады. 

Сонымен қатар картоп отырғызғанға дейін топырақты дезинфекциялайтын заттармен өңдеу. Ол артық саңырауқұлақтарды жоюға көмектеседі.