KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жасымық фузариозы

Аурулар
Дақылдар

Көптеген дақылдарды зақымдайды.

Классификация

 Деотеромицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Таралуы

Ауру бұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі.

Аурудың симптомдары

Ауру көбінесе тамыр шірігі және трахеомикоздық солу түрінде көрінеді. Тамыр шірігін өскін шыққаннан бастап бұршақбас пайда болғанға дейін байқауға болады. Ауру өсімдіктердің жапырақтары сарғаяды, құрғап түсіп қалады. Тамырлары күреңденеді және өледі. Ауа райы ылғалды болса, тамырдағы тамыр мойнында, кейде сабақтың түбінде  ақ немесе қызғылт түсті өңез пайда болады. Трахеомикоздық солу өсімдіктің гүлдену кезінде  және бұршақбастың қалыптасу кезінде  байқалады. Жапырақтар формасынан айырылады, үстіңгі бөлігі әлсіреп тез солады. Сабақтың көлденең кесіндісінде қарайған талшықты түтікшелер көрінеді. Ылғалдылық деңгейі жоғары болса зақымданған органдарда спора түзгіш саңырауқұлақтардың сарғыш-қызғылт түсті өңездері пайда болады.

Биология

Инфекция көзі топырақтағы және өсімдік қалдықтарындағы споралар, сондай-ақ тұқымдағы мицелийлер болып табылады. Бұршақ егістігінде фузариоздың дамуы  өскіндердің жоғалуына, өнімнің 50 % дейін төмендеуіне, тұқымдық материалдардың сапасының нашарлауына әкеп соғады.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, топырақ, тұқымдар.
Тамыр шірігінің қарқынды дамуы үшін топырақ ылғалдылығы  ылғал сыйымдылығының  40…60 %,  орташа температурысы 18…22 °С болуы шарт. Өсімдіктің солуына ықпал ететін саңырауқұлақ үшін жоғары температура және вегетацияның екінші жартысында  топырақтың тұрақсыз сулы режимі оңтайлы болып табылады. Оңтайлы температура F. culmorum  үшін – 12…18 °С, F. avenaceum үшін – 18…22 °С, F. oxysporum f. pisi үшін – 24…28 °С, F. Solani f. pisi үшін  – 20…25 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, аралас егісті пайдалану.