KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Жасымық аскохитозы

Аурулар
Классификация

Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Асбұршақ, үрме бұршақ, жасымық, қойбұршақ, егістік бұршақ, жоңышқа және т.б.

Таралуы

Ауру бұршақ өсіретін барлық аймақтарда кездеседі. Қара топырақты аймақтарда, оңтүстік облыстарда, Поволжьеде, солтүстік батыста және Сібірде көп зиян келтіреді.

Аурудың симптомдары

Бұршақ аскохитозының екі түрі бар: ақшыл дақты және қара дақты. Ақшыл дақты  аскохитоздың қоздыырғышы –  A. pisi саңырауқұлағы, олар негізінен бұршақбас пен тұқымдарды, сирегірек сабақтар мен жапырақтарды зақымдайды. Бұршақбаста, сабақтар мен жапырақтарда дөңгелек немесе ұзынша келген, ортасы ашық түсті және жиегі қара-күрең болып келетін ойық дақтар пайда болады. A. pinodes, қара дақты аскохитоздың қоздырушысы, өсімдіктің барлық органдарын зақымдайды. Саңырауқұлақтың әсерінен жапырақта қара-күрең, формасы мен үлкендігі әртүрлі болып келетін томпақ дақтар пайда болады. Дақты ортасы үнемі қара болып келеді. Сабақта ұсақ, нүкте тәріздес және ұзынша жара болады.Бұршақбастағы дақтар қара-күрең, томпақ.Тамыр мойны зақымданса ол күреңденіп, ұлпалары шіриді. Осы түрлердің екеуінде де дақтың орталарында көптеген пикнидтер түзіледі.

Биология

Вегетация барысында патогендер конидия арқылы тарайды,  конидия мен псевдотеция арқылы зақымдалған өсімдік қалдықтарында қыстайды. Бұршақ аскохитозының зияндылығы - тұқымның өскіш қабілетінің төмендеуі, өскіндерінің өлуі, дақыл өнімділігінің төмендеуі, жасыл асбұршақтың дәмдік сапасының нашарлауы болып табылады.
Инфекция көздері– өсімдік қалдықтары, тұқымдары.
Өсімдіктің зақымдануы температура  4 °С жоғары ылғалдылық 90 % жоғары болса жүзеге асады. Мол жауын-шашын болса және температура  20…25 °С болған жағдайда өсімдік аскохитозбен қатты зақымдануы мүмкін.

Күресу әдістері

Тұқымды оңтайлы мерзімде себу, ауыспалы егіс талаптарын сақтау, бұршақты зақымданбайтын дақылдармен бірге орналастыру, мысалы астық тұқымдастармен, тұқымдық материалдарды дер кезінде жинап алу, өсімдік қалдықтарын күзден бастап терең батырып жырту, төзімді сорттарды өсіру.