KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қытайбұршақ антракнозы

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш жетілмеген саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қытайбұршақты, үрме бұршақты, лядвенецті, жоңышқаны, қызыл бедені зақымдайды.

Таралуы

Қиыр Шығыста және Краснодар өлкесінде кездеседі.

Аурудың симптомдары

Тұқым жарнақтарында күрең ойық жара пайда болады. Сабақтың тамырға жақын бөлігінде қара-күрең дақтар немесе жолақтар көрінеді. Жас жапырақ сағақтары мен сабақтарында ұзынша, жарықшақтанған спор түзілетін дақтар болады. Бұршақбастағы дақтар бастапқыда ұсақ, шеттері қара-күрең болып келеді, дақтар тереңдейді, үлкейіп бір-біріне қосылады.  Бұршақбастың қабықтары бүлінеді және ауру тұқымдарға тарайды. Ауру зақымдаған барлық органдарда саңырауқұлақтың конидиялық спор түзуі жақсы байқалады - көп қара талшықты ұсақ дақтар. Ауру тұқымдарды мицелий мен түзілген спорлардан тұратын тығыз сұр өңез жабады.

Биология

Ауру қытайбұршақта өскін шыққаннан бастап пісіп жетілгенге дейін байқалады. Саңырауқұлақ тұқымда мицелий және хламидоспор түрінде, өсімдік қалдықтарында мицелий, хламидоспор және конидий түрінде сақталады..Хламидоспорлар және  конидийлер арқылы тарайды. Ауру өсімдіктің массасын, бұршақбас пен тұқымның саны мен массасын 2 еседен астам азайтуы мүмкін. Қытайбұршақ дәнінің сапасы да нашарлайды: құрамындағы май мен белоктың мөлшері 1,8…2,1 % азаяды.
Инфекция көздері – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Аурудың жаппай дамуына жауынды көктем мен жаз ықпал етеді. Мицелий мен конидий түзу үшін оңтайлы температура – 28…30 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, өсімдік қалдықтарын батырып, сүдігер жырту, дұрыс суару режимі, төзімді сорттар.