KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Қырыққабат фомозы немесе құрғақ шірігі

Аурулар
Классификация

Қоздырғыш  Аскомицеттер тобындағы саңырауқұлақтарға жатады.

Дақылдар

Қаудандық, түрлі-түсті және брюссель қырыққабатын, тарнаны, мал азығына арналған шалқанды, кольрабиді,  шалғанды, шомырды, қышаны және басқа да   айқышгүлді дақыл түрлерін зақымдайды

Таралуы

Солтүстік Кавказ, Краснодар өлкесі, Қиыр Шығыс – Приморье өлкесі, Амур облысы және Хабаровск өлкесі, сондай-ақ Сібір.

Аурудың симптомдары

Саңырауқұлақ тұқым жарнақтарын, жапырақтарды, сабақтарды, тамыршаларды зақымдайды. Тұқым жарнақтарында  түссіз немесе ашық-сұр түсті дақ пайда болады, онда қара нүктелер түзіледі. Ауру тұқымнан өсіп шыққан өскін сабақтарының төменгі бөлігі  зақымданады және ол қараяды, суланады,  ал өсімдік жапырылады және өледі. Пісіп жетілген өсімдіктің жапырақтарында және көсеусабағында ортасында қара нүктелері бар ірі  сұр-күрең дақтар пайда болады. Кейін қаудан түзілу кезінде көсеусабағы мен тамырында  құрғақ шірік дамиды. Өсімдік сарғаяды және  қаудандары дамымай қалады.

Биология

Саңырауқұлақ мицелийі клетка аралықтары бойынша тарайды, зақымданған ұлпаның бетінде  диаметрі 1 мм болатын томпаққа қосылған  пикнидтер түзіледі. Пикнидтерде ұзынша келген цилиндр формалы немесе жұмыртқа тәрізді түссіз конидийлер пайда болады. Саңырауқұлақ өсімдікке бунақденелілер  зақымдаған ұлпалар арқылы өтеді. Инфекция көзі ауру тұқымдар мен зақымданған өсімдік қалдықтары болып табылады. Онда ауру қоздырғыштар пикнид түрінде  2…3 жылға дейін сақталады.
Инфекция көзі – тұқым, өсімдік қалдықтары.
Аурудың дамуына қолайлы жағдай ауаның жоғары ылғалдылығы (60…80 %) және қалыпты температура 20…24 °С.

Күресу әдістері

Ауыспалы егіс талаптарын сақтау, топырақты өңдеудің оңтайлы мерзімі мен тереңдігі, тыңайтқыштар шашу, өсімдікті күту, сау тұқымдарды пайдалану,  өсімдік қалдықтарын жою, сүдігер жырту, қырыққабатты сақтаудың оңтайлы режимін пайдалану, отырғызар алдында көсеусабақты іріктеу.