KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Тұқымның зеңденуі

Аурулар
Классификация

Қоздырғыштар Аскомицеттер және Зигомицеттер топтарына жатады.  Сапротроф болып табылады.

Дақылдар

Барлық астық дақылдыларды зақымдайды.

Таралуы

Барлық аймақтарда кездеседі. Ең көп зиян келтіретін жерлер: Поволжье, Батыс және Шығыс Сібір, Орталық-Қаратопырақты аймақ, Қаратопырақты емес аймақтың батыс өңірі, Қиыр Шығыс суармалы егіс аудандары.

Аурудың симптомдары

Патогендердің түріне қарай тұқымның бетінде әр түсті мицелий түзіледі  (ашық бояулы немесе күреңдене бастаған; боз, жасыл-сары; ашық-көктен бастап қара-жасыл түске дейін; жасыл-көгілдір мицелий; киізге тән қою өңез; қара нүктелері бар қою қызыл өңез (спорангиялар)).

Биология

Сапрофиттік зең саңырауқұлақтары тұқымның сыртқы бетіндегі микрофлораларды құрайды. Дән астықтың пісу кезінде, жоғары ылғалдылық пен төменгі температура жағдайында зақымдануы мүмкін, бірақ ауру тұқымды сақтау режимі бұзылған кезде жиі дамиды. Зеңді саңырауқұлақтардың спорлары астық қоймаларында сақталады, қолайлы жағдай туған кезде олар астықты жаппай зақымдауы мүмкін. 
Инфекция көзі – зақымданған астық, астық қоймасы.
Егістікте ауру сирек дамиды, олар тек астық жинау кезінде  ауаның ылғалдылығы жоғары болса дамуы мүмкін. Зеңнің белсенді дамуы астықты сақтау режимі сақталмаған кезде байқалады.

Күресу әдістері

Астықты сақтау режимін орындау.