KZkazakhstan
Пресс-орталықБайланыстарsearch
search
kazakhstan

Собықтар бактериозы

Аурулар
Классификация

Грамтеріс бактерияларға жатады.

Дақылдар

Жүгеріні зақымдайды.

Таралуы

Ресей Федерациясының жүгері өсіретін барлық аудандарында кездеседі.

Аурудың симптомдары

Сүттеніп пісу кезеңінде дәннің сыртында  үлкендігі 2 - 3 мм болатын ақшыл-сұр түсті ойық дақ пайда болады. Ауру күшейген кезде  дақтар күрең-сары түсті бұдырлы жараға айналады. Дәннің сортына тән бояуға байланысты дақтың шет жағындағы бояуы қара-сұр түске дейін өзгереді.

Биология

Өсімдіктің собықтары егістікте зақымданады, әдетте инфекция зиянкестер арқылы тарайды, яғни жүгерінің сүттеніп пісу кезінде арамшөптерден жүгеріге ауысады. Негізінен собықтың үстіңгі бөлігі зақымданады. Аурудың дамуына байланысты  собықтың сақталғыштығы төмендейді, олар тез зеңденіп, дәннің тұқымдық сапасы төмендейді.
Инфекция көзі – өсімдік қалдықтары, арамшөптер, тасымалдаушы зиянкестер.

Күресу әдістері

Танаптан өсімдік қалдықтарын жинау, арамшөптерге және тасымалдаушы зиянкестерге қарсы күрес, жерді жырту.